Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс

Әскерде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс

Қызылорда гарнизонында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылық құрамымен жиын ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген гарнизондағы әскерилер арасында заң бұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу.
– Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде заң бұзушылықтар мен сыбайластық әрекеттерге жол бермеу туралы жан-жақты ақпараттар айтылуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасы аясында да тиімді іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр, – деді әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Әлімжан Ерімбетов.
Осыдан соң өңірдегі мекеме және әскери бөлім басшыларына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі олқылықтар, жол жүру ережелін бұзған жағдайда полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық әрекетке бармау керектігі жеткізілді. Барлық атқарылып жатқан іс-әрекеттердің қатаң бақылауда екенін ескертілді.
Жиын соңында іс-шараны ұйымдастырушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауға шақырды. Осы дертті жою мақсатында жұмыстар атқарылуы тиіс екенін ескеріп, бөлім және мекеме басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант
13 мамыр 2021 ж. 793 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 240

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930