Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында жастар спартакиадасы басталды

Қазалы ауданында жастар спартакиадасы басталды

Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Есесіне мемлекетіміздің атын әлемдік ареналарда асқақтатып, көк байрағымызды биіктетіп жүрген жампоздарымыз да баршылық. Десе де, әрбір тәрбие ең бірінші туған топырақ, отбасынан басталатыны белгілі.
Бұл ретте, әртүрлі санаттағы топтар арасында жастардың мәдени-спорттық белсенділігін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру, демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналған «Жастар спартакиадасы» өтті.
«Жастар спартакиадасын» ұйымдастыруда аудандық іріктеуде спорттың бірнеше түрлерінен кіші футбол, баскетбол, үстел тенисі, дартс, гір тасын көтеру, арқан тарту, ләңгі тебу сайыстарына басымдылық NEET санатындағы жастарға берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін маусым-шілде айларында ауылды мекендерде спорттық шаралардың бірнеше түрінен сайыстар өтіп, ауыл жастары қамтылған болатын.
Бұл мәселені жас топтары тұрғысынан қарастыру орташа тенденцияларға қатысты кейбір айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жастардың бос уақытын зерттеу жастардың денсаулығын немесе құндылық бағдарларын арттыруға жағдайлар қарастырылды. Дегенмен, бос уақытты өткізу ерекшеліктері жастарға үлкен әсер етуде.
Аталмыш бағыттағы шаралар Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «JASTAR дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауы арқылы Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының сүймелдеуімен ұйымдастырылды.
Жеңіске жеткен жүлделі командалар (І-орын) және жеке ойын бойынша жүлделі орын иегерлері (І,ІІ-орын) ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ жолдама алып, облыс орталығында 2023 жылдың 10 тамызында өтетін облыстық додада бақ сынасады.
28 шілде 2023 ж. 277 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031