Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігерлі жасқа жұмыссыз жүрген жараспас

Жігерлі жасқа жұмыссыз жүрген жараспас

Көпшілігіміз білеміз, бүгінде қоғамда NEET санатындағы жастар деп аталатын топ бар. Мұндай санатқа жататын адамдардың тобы бұрыннан бары белгілі. Десе де көбі бұл терминнің мағынасын біле бермейді. Олай болса, әуелі NEET жастар деген кімдер, соған тоқталсақ.
Жалпы бұл термин ағылшын тілінен аударғанда NEET – Not in Employment, Education or Training, яғни жұмыс істемейтін, оқымайтын, жұмыс іздеуге ұмтылмайтын жастар дегенге саяды. XX ғасырдың соңында бастау алған мәселе бүгінде әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр. Бұл санаттағы жастардың көбеюі олармен жүйелі жұмыстар жүргізуді талап ететіні белгілі. Үкімет еліміздегі аталған санаттағы жастардың санын қысқартып, олардың кәсіби білім алуына жағдай жасап, жан-жақты дамуына барынша күш салуда.
Осы орайда елімізде жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға», «Серпін» жобасы, «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» бағдарламасы, «Жас кәсіпкер» сынды жобалар NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру ісінде маңызды рөл атқарып келеді. Ал мұндай бағдарламалармен құлағдар етіп, жастарға жан-жақты бағыт-бағдар беру Жастар ресурстық орталығының құзырындағы жұмыс. Осы ретте аудандық жастар ресурстық орталығына хабарласып, NEET санатындағы жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында сұраған едік.
– Бүгінде «Отбасылық цифрлық карта» базасында Қазалы ауданы бойынша NEET санатына жататын 829 жас тіркелген. Қазіргі таңда олардың 688-і өзектендіріліп, жеке деректері базаға енгізілді. Аталған санаттағы жастармен жұмыс бүгінде жүйелі ұйымдастырылуда. Жалпы бұл мәселеде біздің бірінші тетігіміз – осы санаттағы жастардың тұрақты жұмысқа орналасып, өз кәсібімен айналысуына жол ашу. Осы орайда дерекқорға енген мәліметтер негізінде жұмыссыз жастарға, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ орта білімі бар еңбекпен қамтылған жастар, ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы төмен жастар, жұмыс тәжірибесі жоқ білімді жастар, бала күтіміндегі әйелдер, бейәлеуметтік жастарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында кеңес беру шаралары мен түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Осындай шаралардың аясында бүгінде 87 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. Десе де NEET санатындағы жастар үлесін төмендету мақсатында кешенді шаралар мұнымен тоқтамақ емес. Жастар керуені жобасы аясында өтіп жатқан «Tulga bol» жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жәрмеңкесі арқылы да жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жоспарда бар. Осы орайда сала мамандарымен бірлесіп, жұмыссыз жастарға дұрыс бағыт-бағдар берсек, жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын аламыз деп ойлаймын, – дейді орталық кеңесшісі Азамат Алпамыс.
NEET жастарының пайда болу себебін біржақты қарастыруға болмайды. Оған түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Десе де жастар себепке сылтау іздеп, желігіп жүрмегені абзал. «Адамсыз қоғам жоқ, қоғамсыз адам жоқ» деген сөз бар. Қоғам құрдымға кетпес үшін уақытты босқа өлтірмей, көптің игілігіне жарап, әйтеуір бір іспен айналысқан жөн болар. Себебі жігерлі жасқа жұмыссыз жүрген жараспайды.
Арайлым ЖҮСІПОВА
01 шілде 2023 ж. 393 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930