Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған

Қазақстанда екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған

Биыл 2 мыңға жуық бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады egemen.kz.
Бұған дейін Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада қызылшамен ауырғандар саны артқанын айтқан еді.
Айта кетсек, аталмыш індетті жұқтыру деректері көптеген елдерде байқалды, соны ішінде Қазақстанда да тіркеліп отыр.
«Биыл 2 мыңға жуық бала қызылшамен ауырды, олардың басым көпшілігі екпе салдырмаған. Бастапқыда сырқаттанушылар шет елден жұқтырып әкелді: балалар басқа елдерге демалуға барып, қызылша жұқтырып келді, салдарынан екпе салдырмағандары да сырқаттанып қалды. Алғашқы деректер жылдың басында Түркиядан, Ресейден тіркелген еді, ал қазір қызылша жұқтырғандардың саны күрт өсті», деп пікір білдірді Ажар Ғиният.
Ведомство басшысының айтуынша, қызылшаға қарсы екпені қосымша салдырудың керегі жоқ.
«Қызылшаға қарсы екпе жеке салынады, қосымша егу науқаны жоспарланбайды. Вакцинация жұмыстары бұрын екпе салдырмаған балалармен жүргізіледі», деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.
Осы тұста министр аурудың өршуіне жол бермеу үшін дәрігерлер ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын қоса айтты. Дәрігерлер науқас балаларды оқшаулау жұмыстарын жүргізуіп, қызылшадан қорғанудағы вакцинаның маңыздылығын да еске салып отырады.


Карима ЖҰМАҒАЛИ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті
25 шілде 2023 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930