Шуақ шашқан мейірімділік
Әне-міне дегенше, биылғы оқу жылы да аяқталды. Бітіруші түлектермен олардың ата-аналары ҰБТ-ның қамымен жүрсе, өзгелері балаларының жазғы демалысын тиімді өткізу жолдарын қарастыруда.
Биыл көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі, жетім балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға баса мән берілуде. Жазғы демалысты балаларымыз асыға күтеді. Олардың жазғы демалысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталып, сапалы әрі мағыналы тынығуына жіті көңіл бөлінеді.
Бала – біздің болашағымыз. Балақайлардың жүзіне қуаныш сыйлау, бақытқа кенелту, мейірімге бөлеу ата-ана мен ұстаздардың міндеті.
Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген бар. Осындай жүректері жылулыққа толы, жомарт жандар Халық Дүзелбаев, Гүлнар Жалғасбаева, Арман Әуезов, Ұлағат Бөрқұлақов, Бақыткүл Панова мектептегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға Қазалы қаласындағы «Шағала» тынығу лагеріне жолдама алып берді. Олар – туған өлкенің көркейіп, дамуына үлес қосып жүрген жомарт жандар. Көңілі пәк балаларға ерекше сый ұсынғаны үшін ұжым атынан алғысымыз шексіз.
Ж.ӨМІРЗАҚОВ,
№165 мектептің әлеуметтік педагогы