Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәрмені мол форум

Пәрмені мол форум

Баршаңызды бұған дейін де хабардар еткенімдей ағымдағы аптаның бейсенбі күні еліміздің бас қаласында «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумына қатыстым.
Саяси шарада партия төрағасы Ерлан Қошанов баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіретінін тілге тиек етіп, мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын және депутат тек елдің мүддесі үшін қызмет етуі керек деген қағиданы атап айтты.
Мұнан соң мәжіліс барысында сөз алған Үкімет басшысы Әліхан Смайылов депутаттардың белсене іске көшіп, халықпен барынша ашық жұмыс жасау керектігін еске салды. Алдағы уақытта әрбір депутатпен әрбір түйткілді мәселе бойынша бірлесе жұмыс жасауға әзір екендігін алға тартты.
Форумда екі жарым мыңнан астам депутаттар көкейінде жүрген өзекті сауалдарға нақты жауаптар алды. Түстен кейін секцияларда еліміздің Министрлері халық қалаулыларының сұрақтарына жауап беріп, депутаттық сауалдарға үн қатты.
Жалпы айтқанда бұл форум эмоцияға толы шара болды. Себебі атқарылар істерімізді тағы бір пысықтап, үлкен сабақ алдық десем болады.
Ендігі жұмыс «айтылды, қалды» дегендей етпей, нақты іспен өз әрекетімізді тындырымды әрі нәтижелі атқару.
Ерболат МҰХАШ,
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, форум делегаты
03 шілде 2023 ж. 263 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031