Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәслихат форумы үкімет пен халық қалаулыларының тиімді диалогы

Мәслихат форумы үкімет пен халық қалаулыларының тиімді диалогы

Аптаның бейсенбі күні «AMANAT» партиясы ұйымдастырған мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумына қатыстым. Астана қаласында өткен саяси іс-шараға 3000-ға жуық адам қатысса, оның 2500-і әр өңірден келген мәслихат депутаттары. Сондай-ақ, форум жұмысына арнайы «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин және Мәжіліс депутаттары мен басқа да министрлік өкілдері қатысты.
Алқалы жиында алғы сөзді алған партия төрағасы Ерлан Қошанов мәслихат депутаттарына есеп беру, бағдарламалар мен бюджетті бекіту тек қағаз жүзінде болмауын, жергілікті деңгейде пікірталастар болуы қажеттігін айтып, онда депутаттар өз сайлаушыларының мүддесін қорғауы керектігін жеткізді.
Осы күні форум барысында 11 панельдік сессия жұмыс жасады. Өзім қатысқан сессияда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа сұрақтар қоюға, сонымен қатар басқа аймақтардың депутаттарымен танысып, олармен іс жүргізу бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.
Жалпы форум жоғары деңгейде өтіп, депутаттардың жұмысының жандануына үлкен леп бергені сөзсіз. Бұл халық үнін естуші мемлекеттің нысаны үкімет пен халық қалаулыларының тиімді диалогы деп айтуға болады. Форум жұмысы алдағы бағытталған жұмыстарымызға жаңа серпін береді деген сенімдемін.

Нұркен БОТАБАЕВ,
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, форум делегаты

02 шілде 2023 ж. 450 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031