Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы форум

Мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы форум

Аптаның бейсенбі күні Астана қаласында 2500-ден аса аманаттық мәслихат депуттары ел тарихында тұңғыш рет өткізілген мәслихат депутаттарының республикалық форумында бас қосты. Жалпы жиында алдағы жұмыс бағыттарын талқылаудан бөлек, 11 панельдік сессия өтіп, қатысушыларға бейінді министрге, орталық мемлекеттік органның басшысына кез келген сұрақты тікелей қоюға мүмкіндік берілді.
Әріптестермен бірге «Сарыарқа» деп аталатын панельдік сессияда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен жүздесіп, «Дипломмен ауылға» және «Ауыл – Ел бесігі» жобалары, сондай-ақ бизнесті қолдау шаралары, кешенді даму жоспарлары, тарифтік саясат, инфрақұрылымды жеткізу, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және т.б. тақырыптарда сұрақ қойып, тиісінше жауап алдық.
Партия ұйымдастырған бұл форум бірінші кезекте мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы деп айтуға болады. Өйткені маңызды шара тәжірибе алмасуға, жергілікті мәселелерді шешу жолдарын анықтауға, тиімді тәсілдерді іздеуге көмек беретін жақсы алаң деп есептеймін. Сондай-ақ саяси іс шара азаматтардың сенімі мен үмітін ақтау жолындағы «AMANAT» партиясының кезекті жаңаруы деп айтуға болады.
Нұрғиса ЖАЛҒАСБАЕВ,
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, форум делегаты
01 шілде 2023 ж. 496 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031