Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы өнімдерден шошқа ДНҚ-сы табылып жатыр

Қазақстандағы өнімдерден шошқа ДНҚ-сы табылып жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің зертханалары тексерген азық-түлік өнімдерінің шамамен 20 процентінен шошқа ДНҚ-лары табылған.
Мәліметтер өнімнің қаптамасында көрсетілмеген.  Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. «2018 жылдың алғашқы екі айында жануар тіндерінің сәйкестігін анықтау бойынша 147 азық-түлік өнімдерінің сынамасы зерттеліп, 757 зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 27 сынамадан (немесе 19%) өнім қаптамасында көрсетілмеген шошқа ДНҚ-сы табылған», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, комитет зертханалары шошқа, ірі қара мал, тауық немесе жылқы ДНҚ-сының ғана емес, ит, мысық, буйвол, ешкі және қой тіндерінің де сәйкестігін тексере алатын әлеуетке ие. Комитеттің хабарлауынша, азық-түлік өнімдерінің қауіпсізігін бақылау сатылымға шығарылған өнімдерді сатып алу жолымен жүргізіледі. Кедендік одақтың техникалық тәртіптері талаптарының сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар жүргізілуде.  
inform.kz
10 сәуір 2018 ж. 1 420 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031