Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел тәртібін түзеткен, тыныштығын күзеткен

Ел тәртібін түзеткен, тыныштығын күзеткен

Қазалы аудандық полиция бөлімшесінде 110 адам еңбек етеді. Тұрғындардың тыныштығы мен халықтың хал-ахуалын қадағалайтын органның күнделікті тыныс-тіршілігі қарбалас. Күн сайын түрлі оқиға орын алатын қоғамда тәртіп сақшыларының қырағылығы мен шапшаңдығы маңызды. Жұмысқа деген адалдықтары өз алдына бір бөлек дүние. Уақытпен санаспай күн, түн демей елдің дамуы жолында елеулі еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелері қарсаңында құттықтай барып, оларың жұмыс барысындағы тыныш-тіршілігін басылым бетінде баяндауды жөн көрдік.
Ғимаратқа енген бойдан кезекшілік бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Руслан Өксікбаев келуіміздің жай-жапсарымен танысып, ішке қарай өтуімізге жөн сілтеді. Алдын ала келіскеніміздей кадр саясаты бөлімшесіне қарай бет бұрдық. Бұнда қарсы алған аудандық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Айбек Әлиев күнделікті жұмыс барысын баяндап, бөлімше қызметкерлерімен таныстырды. Алдымен тергеу бөлімшесінде болып, бөлімше бастығы, полиция подполковнигі, бөлім бастығының орынбасары Бауржан Тұрман мен оның қарамағындағы тергеушілердің жұмыс жүргізу тәртібіне тоқталды. Тергеу саласында он бес жылдан астам тәжірибесі бар полиция майоры, аға тергеуші Ғанибек Рысмамбеттің майталман маман кендігін алға тартқан әріптестер: «Ғанибек, мақтаулы кадр. Осы уақытқа дейін талай қылмыстың ашылуына атсалысты. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тиянақты әрі тындырымды қызметкер», – дейді. Тәжірибесі толысқан аға тергеушінің кейінгі толқынға үйретері көп екендігін ерекше атап өтті. Бұдан соң крминалды полиция бөлімшесіне барып, жедел уәкілдердің жұмысының негіз мақсатын білдік. Жедел уәкілдің міндеті – қылмысты ашу, анықтау. Алайда биылғы жылы криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашудағы үлесі -15,6%-ға төмендеген. «Бұл бойынша қазіргі таңда ашылған қылмыстарымыз бар, 6-ай қортындысымен кемшілікті жоятын боламыз», – дейді аталған бөлімшені басқаратын ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлегі, молиция майоры Алмат Бердібеков.
Келесі кезекте бөлімнің сыртқы сала қызметіндегі мамандарға жолықтық. Бұл саланы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғанибек Құрманәлиев басқарады. Жиырма жылға жуық жұмыс өтілі бар тәжірибелі қызметкер бұған дейін түрлі бөлімде басшылық қызмет атқарған. Қоғамдық жұмыстарға да белене араласатын Ғанибек Айбергенұлының қарамағындағы әріптестері де осал емес. Әрқайсысы өз саласын жетік меңгерген мамандар.
Ал, жиырма бес жыл бойы құқық қорғау саласында еңбек етіп келе жатқан Айбек Әлиев қазіргі таңда полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары. Қызметкерлер арасындағы тәртіп пен тиянақтылықты бірінші орынға қоятын Айбек Алмасұлы бізбен әңгіме барысында бала кезінен полицейлердің формасына қызығып, «келешекте осы салада еңбек етсем» деген арманының болғанын жасырмады. Алға айқын мақсат қойған ол қазірге дейін бірнеше рет басшылық қызметте болған. Ол жұмыста қаттылық пен қатар мәдениеттіліктің сақталғаны жөн дейді.
– Әр адам полицияны оның жауы емес, жанашыры ретінде қабылдауы тиіс. Ал полиция қызметкерлері болса, тұрғындардың талап-тілегіне үнемі құлақ асып, айтар уәжін тыңдауға тиіс. Қызметкерлерімізге кез келген адамға сыпайылық көрсетіп, қандай мәселе болмасын әділ шешім қабылдауы міндетеледі. Әр аптада әскери-дайындық сабағы өтеді. Онда жұмыс барысы жан-жақты талқыланып, тәртіп пен жауапкершілік үнемі айтылып отырады әрі талап етіледі. Қай салада да жұмыстың жүруі, жандануы – ұжымдағы ауызбіршілік пен ымыраға келе білудің нәтижесінде көрініс береді, – дейді полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Айбек Әлиев
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА


27 маусым 2023 ж. 342 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930