Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуанышқа бөлеген құрылыс

Қуанышқа бөлеген құрылыс

Аудан орталығында орналасқан Желтоқсан және Владимир Счастнов көшесін бойлаған қосқабатты тозығы жеткен тұрғын үйлер жайын сондағы ағайынның қаузап келе жатқанына біршама уақыт болды. Бүгінде жергілікті әкімдік тұрғындар тілегіне құлақ асып, мемлекеттік сатып алу арқылы жеңімпаз мердігер мекемені анықтап, тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуде.
Кент орталығы саналатын Желтоқсан және Владимир Счастнов көшесінің бойындағы тозығы жеткен тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын белгілі конкурс бойынша «Н Строй» компаниясы жеңіп алды.
Ағымдағы айдың жиырма бірі басталған іс дәл қазір қарқынды жүруде. Яғни, төбесіндегі ескі шиферлары толықтай алынып, қоқыстан тазартуда. Сондай-ақ әрбір қосқабатты тұрғын үйдің сыртқы сылағы да түсіріліп, қайта сыланып, көкті сұрбұлт жапса жауын суы толастайтын кіреберіске арнайы тосқауылдар жасалып жатыр. Тағы подьезд есіктері жаңа темір есікке ауыстырып, ішкі жұмыстарына да мән берілуде.
Қарқынды құрылыс басына барып, аталған мердігер мекеменің бас құрылысшысымен тілдескен едік. Басқа да қосымша жұмыстардан құлағдар етті.
– Осындағы бірқатар тұрғын үйді «Н Строй» компаниясы жеңіп, бірнеше күннен бері осында еңбек етіп жатырмыз. Шатырын жаңа, мықты жабдықтармен жауып жатырмыз. Аталған іске әрбір қосқабатты үйге жиырмаға жуық азаматтар жұмысқа жұмылдырып, жұмыспен қамтылуда, – дейді прораб Әділғазы Бернешов.
Бұдан бөлек, қосымша мердігер мекеме де көпқабатты тұрғын үй ауласын көркейтуге кірісіп, арнайы техникалармен тегістеп, тротуар жүргізуге қызу кірісіп кетті.
Тілегі тыңдалған тұрғындар қуанышында шек жоқ. Ұсыныстарды елеп-ескеріп жатқан жергілікті әкімдікке алғысын жеткізді.
– Тозығы жеткен үйлердің мәселесін бірнеше жыл бойы көтеріп келеміз. Тіпті баспасөз беттерінде де айтылып келеді. Қыс түссе үй қабырғасынан суығы өтіп, жауын жауса батпағына батушы едік. Міне, бүгін әкімдік тілегімізге, ұсынысымызға құлақ асып, жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Үйіміздің реңі кіріп қалатын болды. Бұл істі тиянақты жасап, қолға алған жандарға алғысымыз шексіз. Көп рахмет! – дейді көпқабатты үй тұрғындары.
Айта кетейік, «Н Строй» компаниясының директоры Әлжан Жеткербаевтың елге деген сүйіспеншілігінің арқасында құрылыс тізіміне енбеген жұмыстар да жасалып жатыр. Яғни, ескірген іргетасын қайта қалыпқа келтіру мен қатар бірнеше ісі қолға алынуда.
Анеля ӘЛИ,
Қызылорда қаласының Қорқыт ата атындағы
гуманитарлық-педагогикалық институтының
журналистика факультетінің 1 курс студенті
12 маусым 2023 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930