Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Палата комитеттері тиісті құжаттарды жұмысқа алды.
Парламенттің төменгі палатасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының 2002 жылғы 7 қазандағы Жарғысына өзгерістер енгізу туралы Төртінші хаттама ратификациялық заң жобасын жұмыс алды, деп жазады inbusiness.kz.
Мәжілісмен Бауыржан Смағұловтың сөзінше, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою мақсатында әзірленді.
"Заң жобасы су шаруашылығы құрылыстарын және селден, көшкіннен, қар көшкінінен қорғау құрылыстарын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру мәселесін регламенттеуге, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды құру кезінде олардың құрамына қателесіп енгізілген, барлық инфрақұрылымымен қоса алғандағы орман кенттерінің мәселелерін шешуге және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының арнайы бөлінген учаскелерінде тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін шөп шабу мәселелерін шешуге бағытталған", - деді депутат.
Екінші заң жобасы 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялауға бағытталған.
Құжатты таныстырған депутат Айгүл Құспанның айтуынша, көрсетілген хаттама Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Жарғысын ұйымға мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылына, сондай-ақ Ұйым Бас хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігіне қатысты түзетулермен толықтырады.


14 маусым 2023 ж. 406 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031