Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шеберлер шыңдайтын ұстахана

Шеберлер шыңдайтын ұстахана

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің тарихы сонау 1901-1906 жылдар аралығында Орта Азиямен Ресейдің орталығын қосатын Орынбор-Ташкент теміржолының салынуынан бастау алады. КСРО-ның тарихи архивінен алынған мына құжатта 1905 жылғы 17 шілдеде жолаушылар қозғалысы үшін Қазалы өңірінде шағын жөндеу шеберханасы салатыны жоспарланған болатын. 1929 жылы Қазалы паровоз депосының жанынан ФЗУ болып ашылған колледж өмір ағымына қарай атауы өзгеріп мектеп лицей,колледж, жоғары колледж атауларына ие болды. «Ұлы Отан соғысының батыры Я.Д.Михайлюк 1938 жылы колледжге оқуға түсіп, 1941-45 жылдары жауынгерлік ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағын алуы біз үшін үлкен мақтаныш», – дейді колледж директоры Болат Ахметов.
1939 жылы Қазалы теміржол бөлімшесі училищесіне 210 орынды екі қабаттық оқу орны салынып берілді. 1929 жылдан бастап әр жылдары училищені П.С.Никеров, А.В.Харьков, Ə.Ұзақбаев, П.П.Сиснев басқарды. 1976-1981 жылдары училищені Қазақстан Республикасы кəсіптік білім беру саласының үздігі, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Оразғали Бекбанов басқарды. 1981-1985 жылдары училищені КСРО жəне Қазақ КСР кəсіптік білім беру ісінің үздігі Молдабай Ақниязов басқарды. М.Ақниязов 1990 жылы осы училищеге қайта басшы етіп тағайындалды. Училищеге Ресей, Украина, Белоруссия Молдавия, Башқұртстаннан жастар келіп теміржол мамандықтарын оқыған. Сол заманда Қазалы теміржол училищесі Одақтағы теміржол мамандарын даярлайтын санаулы оқу орындарының бірі еді. 1978 жылы училище КСРО кезінде кəсіптік-техникалық білім беру орталық комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 1979 жылы 410 оқушыға арналған 4 қабатты оқу корпусы жоспарланып, 1981 жылы желтоқсан айында жаңа ғимарат пайдалануға берілген. 1981-1985 жылдары колледж Бүкілодақтың Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағын жеңіп алды. Сол комиссияның ұсынысымен Молдабай Ақниязұлы одақ бойынша «Ең үздік оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастырушы» болып бағаланады. Осы кезеңдерде училищенің озат тəжірибесі білім саласында Одақ бойынша тарады.
1977 жылы училище əр бес жылдықта мемлекеттік жоспарды асыра орындағаны үшін ССРО кəсіптік техникалық білім беру комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 1984 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысының Коммунистік партиясының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бірнеше дүркін облысаралық кəсіптік-техникалық басқармаларының Қызыл туы мен ақшалай сыйлығын иеленді. 1985 жылдан бастап училищеге Балғараш Тəженов басшылық жасады. Бұл жылдарда училищенің материалдық-техникалық базасы нығайды. Жаңа типтік асхана, 210 орындық жатақхана іске қосылды. 2003 жылдың қараша айынан №5 кəсіптік мектепке Болат Жолтаев директор болып келді. 2007 жылдың қараша айында №5 кəсіптік мектепке Қазақстан Республикасы кəсіптік білім беру жүйесінің үздігі Е.Құрмарзаев директор болып тағайындалды. Колледж 2009 жылы І дəрежелі «Үздік кəсіптік лицей – 2009» жəне «Үздік ұжым» атағымен марапатталды.
2010 жылы желтоқсан айынан бастап №5 кəсіптік лицей директоры болып Б.Ахметов тағайындалды. Басшының алға қойған мақсаты педагог кадрлардың кəсіби деңгейін көтеру, əлеуметтік серіктестікті дамыту жəне білім ордасының материалды-техникалық жағдайын жақсарту болды. Білім ордасы көптеген байқаулардың жеңімпазы атанды, атап айтсақ, Қазалы көлік-техникалық колледжі Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» Жобасына қатысып, «1108000-Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту» мамандығын дамыту үшін жалпы сомасы 57 000 000 теңге кіші-грантты жеңіп алды.
Теміржол саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ арасында дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, әлеуметтік әріптес «Қамқор вагон» ЖШС» Қазалы вагон жөндеу депосының басшысы Т.Әліпбаев ҚР Білім және ғылым министрінің «Әріптестік көшбасшы – 2013» дипломымен марапатталды. Облыстық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны – 2014» атағын иеленген оқу орны 2015 жылы Ұлттық бизнес рейтинг нәтижесі бойынша алтын рейтинг қатарына шығып «Көшбасшы кәсіпорын-2015» қабырғалық медалімен марапатталды және арнайы ұлттық Сертификат иеленді.

Оңтайлы жағдай жасалған
оқу ордасы
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқу материалдық базасында 410 орындық оқу корпусы, оқу-өндірістік шеберхана мен зертханалар, 100 орындық асхана және жатақхана, жазғы спорт алаңы, оқу-жаттығу залы, фитнес клуб және жылыжай бар. Жас жұмысшыларды өз мамандығына тәрбиелеуде слесарлық, ағаш ұстасы, газэлектрмен дәнекерлеу және токарлық шеберханалар, физикалық және химиялық лабораториялық кабинеттер, компьютерлік орталық,мамандықты оқытуға арналған 36 оқу кабинеті, оның ішінде: 24 арнаулы пән (заманауи құрылғылармен жабдықталған 6 арнайы пән) кабинеттері, 12 жалпы білім беретін пән кабинеттері, 6 шеберхана, 4 зертхана және 3 полигон, 150 орынды мәдени орталық, 100 орындық ғылыми-әдістемелік орталық, 19287кітап қоры бар 10 орынды электронды кітапхана жұмыс жасайды. Теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында 31 әлеуметтік серіктестіктермен келісімшарт жасалды. Инженер-педагогтар өз біліктіліктерін Корея, Франция, Германия, Чехия елдерінде және Мәскеу, Минск қалаларында арттырды.
Осы орайда аталған оқу орыны келер жылы «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі», «Ақпараттық қауіпсіздік технигі», «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы», «Токарь», «Фрезерлеуші», «Электргазымен дәнекерлеуші», «Техник-механик», «Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарі (түрлері бойынша)», «Вагон жөндеу слесары», «Техник-электромеханик», «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері», «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері», «Құрғақ құрылыс шебері», «Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері», «Техник-құрылысшы», «Техник-электронщик», «Кондитер-безендіруші», «Аспазшы», «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша)» мамандықтары бойынша студенттер қабылдайтындығын айта кеткен жөн.
– Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, республикалық үздік 180 колледждің қатарына енгізілді. 2021 жылы республикалық бюджеттен 320 000 000 теңге бөлінді. Аталған қаржыға «Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарына»-142 млн, «Вагон жөндеу слесарына-133 млн және «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесары» біліктілігі бойынша 45 млн теңгеге заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Жоба аясында үш шеберхана, үш арнайы пән кабинеті, бір интерактивті класс, бір мультимедиялық орталық жабдықталып, 22 электрленген стенд, 6 электрленген макет, 3 тренажерлық кешен, 6 виртуалды 3Д конструктор, 8 оқу-лабораториялық кешен, виртуалды очки және 14 станок сатып алынды. Заманауи құрал жабдықтарды игеруде 25 инженер-педагог өз біліктіктерін көтеріп сертификатталды, – дейді колледж лиректоры Болат Ахметов.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
03 маусым 2023 ж. 323 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930