Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік көңіл-күй сыйлады

Мерекелік көңіл-күй сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазалы пайдалану вагон депосының «ВЧД-6» бастауыш партия ұйымында аудандық мәслихат депутаты, «ВЧД-6» БПҰ төрағасы Орымбаев Арғын Қайрбайұлының және белсенді партия мүшелерінің, бастауыш кәсіподағының қатысуымен 'Жас теміржолшы' челленджі ұйымдастырылды.
Еңбек ұжымында эмоционалды-мерекелік көңіл күй қалыптастыруды мақсат еткен шарада теміржолшы формасын киген балақайлар техникалық сабақ өтетін вагон құрамының макеттерімен танысып, «теміржол вокзалымен поездардың жүріп-тұруы туралы» қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы туралы толық ақпараттар алып, депо басшылығы мен ата-аналарының жұмыс бөлмесінде болып жұмыс істейтін орындарымен танысты. Балақайлар негізінен вагон қарушылары, станция кезекшісі, жолшы, тіпті жолсерік болып киініпті.
Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Мереке қарсаңында өсіп келе жатырған жас ұрпаққа темір жолдың жұмысы туралы, оның адам өміріне қауіпті аймақ екені туралы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жас өркенге мерекелік көңіл күй сыйлаған депо ұжымы шара соңында балаларды мерекелерімен құттықтап, арнайы дайындалған сыйлықтарын тарту етті.

#AMANAT
29 мамыр 2023 ж. 345 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930