Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастаушы партия ұйымында тұрғындар өтініші тыңдалды

Бастаушы партия ұйымында тұрғындар өтініші тыңдалды

Бүгін аудандық партия филиалының "Қазалы ВЧД-6 жол бойы" бастауыш партия ұйымындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Орымбаев Арғын Қайырбайұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Жеке қабылдауда болған азаматтар көше бойына тұрғындардың негізсіз қоқыс қалдықтарын тастауы, жасөспірімдердің топтасып тұруы бойынша өтініштерін білдірді. Сонымен бірге түнгі ауысымда жұмыс жасайтын теміржолшылардың жұмыстан бару қайту кезінде қиындықтарының алдын алу мақсатында "Привокзальная" көшесіне түнгі жарық шамның керектігі айтылды.
Мәслихат депуаты Арғын Қайырбайұлы келіп түскен өтінштердің заңдылық аясында қарап, шешілуіне өз тарапынан ықпал жасайтындығын жеткізді.
Сондай-ақ, қабылдау барысында Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауындағы негізі басым бағыттар мен міндеттер жөнінде сөз болды. Қабылдауда болған тұрғындарды Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударатындығы қуантуда.
#AMANAT
16 қыркүйек 2022 ж. 574 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930