Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағылымды теміржолшылар жиыны

Тағылымды теміржолшылар жиыны

Жақында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы онжылдықтарға бағдар болатын құжат «Мемлекеттіліктің жеті тұғыры» тұжырымдамасы жарияланды. Мемлекет тұтастығын сақтап, алғы даму жолына бағытталған мақаласын, ондағы қағидаттарды түсіндіру, талдау мақсатында Қазалы пайдалану вагон депосы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының мүшелері арасында жиналыс өткізілді.
Жиында мекеме басшысы, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орынбаев жеті тұғырды ұжым мүшелеріне жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты. Ол өз сөзінде Елбасы жария еткен қағидаттар бойынша елдегі әрбір адам өзінің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруі тиістігін алға тартты.
Сөз алған ұжым мүшелері де «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтып, тұрақты даму үшін ауадай қажет құндылық екенін жеткізді.
Бұл күні егемендік құндылықтарын одан әрі дамытып, осы жылдар ішінде сала жұмысының ілгерілеуі мен өркендеуіне негіз болар жастар жайы айтылып, Тәуелсіздік жылдары туылған Қазалы пайдалану вагон депосының поездардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау кезінде адал еңбектерімен көзге түскен жас мамандар облыстық «Nur Otan»партиясы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Б.ИБРАЙЫМ
Қазалы пайдалану вагон депосының
кәсіподақ ұйымының төрағасы
10 желтоқсан 2021 ж. 492 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031