Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда түрмеде отырған мыңдаған адамның жазасы қайта қаралады - ІІМ

Қазақстанда түрмеде отырған мыңдаған адамның жазасы қайта қаралады - ІІМ

Ішкі істер министрлігі жазаны өтеу тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді , деп хабарлайды sputnik.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Қайрат Асылдың айтуынша, 20 мамырда күшіне енген өзгерістердің ішінде сотталған адамдарды жазаны өтеу орындарына таратудың жаңа талаптары да бар.
"Бұдан былай сотталған адамдар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Қауіпсіздігі жоғары мекемелерде бұрын сотталғандар қала береді. Ал қауіпсіздігі орташа мекемеде отырғандар қауіпсіздігі жоғары мекемелерге ауыстырылмайды. Себебі қылмыстық заңнама бойынша сотталған адамдардың құқықтық жағдайының нашарлауына жол берілмейді", - деді Асыл бүгінгі онлайн брифингте.
Бұдан бөлек, қауіпсіздік деңгейі төтенше мекемелер қауіпсіздігі жоғары мекемелерге қайта бейімделетін болады. Сотталғандардың жаза мерзімі де сотта қайта қаралады.
"Жітіқарадағы мекеме ғана қалады. Ол жерде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отырады. Ал сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы мәселе қаралғанда туыстары тұратын жерге барынша жақын мекемеге ауыстыруға тырысады. Бұған дейін туыстарына жақын жерде жазасын өтеп жүргендердің саны 60 процентті құраған. Заңға енгізілген өзгерістер іске асырылғаннан кейін олардың саны айтарлықтай өседі", - деп атап көрсетті бөлім бастығы.
Оның сөзіне қарағанда, осы саладағы шаралары жылдың соңына дейін аяқталады.
29 мамыр 2023 ж. 349 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 195

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930