Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда түрмедегі кездесулерге тыйым салынды

Қазақстанда түрмедегі кездесулерге тыйым салынды

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының пайда болуына байланысты карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №32 қаулысына сәйкес, сырқаттанушылар көрсеткіші жоғары өңірлерде сотталушылармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге тыйым салынды", – дейді комитет мамандары.
Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде қамауда отырғандар телефонмен сөйлесу, сондай-ақ бейнекездесу қызметін қолдана береді.
"Бүгінгі күні сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Коронавирустық инфекцияның жаңа штаммының таралуына жол бермеу мақсатында желдету, бөлмелер мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп отыр", – делінген ресми хабарламада.
Алайда қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге жататын мекемелердің ұжымына қолданылмайды. Бұдан бөлек, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүргендер вакциналаудың толық курсын алған жағдайда түрмеден тыс жұмыс нысандырына жіберіледі.
"Ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге рұқсат елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарай берілетін болды", – дейді комитет қызметкерлері.
18 тамыз 2021 ж. 364 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031