Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Демократияға дем беру

Демократияға дем беру

Жүздеген жылдан бері адамзат толерантты, адам құқығын бәрінен биік қоятын жүйеге ұмтылып келеді. Бұл құбылысқа батыс елдері демократия атауын беріп, оның шыңына шығуды мақсат еткен. Қазақстан да Кеңес боданынан босап, азаттыққа аяқ басқалы даму жолы ретінде демократияны таңдады. Оның мүддесіне бағытталған талаптарды Заңға енгізіп, жыл өткен сайын жетілдіріп келеді. Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы Заңға қол қойды.
Расын айту керек, көпшілік айтып жүрген темір тордың арғы жағындағы тіршілік жан түршіктіреді. Одан бұрын тергеу амалдарын жүргізетін құзырлылардың кінәні мойындату мақсатында күдіктіні қалай қинайтыны туралы БАҚ беттерінде біршама рет жарияланды. Алысқа бармай-ақ, кешегі Қаңтар оқиғасынан кейін адамдардың арқасына үтік басып қинаған жайттар елде резонанс тудырды емес пе?! Президент сол тұста қызметін асыра пайдаланып, азаптауға барған полиция қызметкерлерін тауып, тиісті жазасын беруді тапсырған. Ендігі мұндай іс-әрекет жазасыз қалмайды. Себебі кезекті қабылданған заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтуге, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы.
Әрбір адамның өмір сүруге құқығы бар. Бұл демократия жолымен дамушы елдің ұстануы тиіс басты қағидасының бірі. Сол сияқты аталған жол адам жанын қинауға үзілді-кесілді тыйым салады. Президент қол қойған Заңда да осы мүддені көздейтін бірнеше норма қарастырылды. Мәселен, қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас үшін жауапкершілік қарастырылып, бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қатаңдатылады. Сонымен бірге заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін тергеу амалдары кезінде аудио және бейне таспалау жүйесін қолдану мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бұл міндет айыпталушының азап көргенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді. Атап айтсақ, ауыр сырқатқа шалдыққан жағдайда оларға жазаны өтеу мерзімін кейінгі қалдыру құқығы беріледі. Демек, жазасын өтеу күндерін медициналық мекемеде шұғыл ем алып шыққаннан кейін қайта жалғастырады. Оның үстіне бұрын сотталғандар соттың шешімі заңдық күшіне енгеннен кейін ғана босатылатын. Бұдан былай сотталған адамды ауыр дертке шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімі дереу орындалады.
Бұдан бөлек сотталған әйелдер мен олардың балалары арасындағы әлеуметтік байланысты сақтау үшін оларға өз балаларын колонияда қалдыруға рұқсат ету мерзімі 3 жылдан 4 жылға ұзартылды. Ал бұрын сотталған адамдардың бірінші рет істі болған азаматтарға теріс ықпал етуіне жол бермеу үшін сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерге бөлу тәсілдері өзгереді. Енді бірінші рет сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасын бұрын сотталғандардан бөлек жерде өтейді. Бұл заңға бағыну шылық мінез-құлық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
18 наурыз 2023 ж. 215 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 23

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930