Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата кәсіпті қолға алған

Ата кәсіпті қолға алған

Қазалы кәсіпкерліктің сан түрі дамыған мекен. Жыл өткен сайын бірнеше жаңа нысан бой көтеріп, заманауи кәсіп түрлері өркендеп келеді. Бір-біріне ұқсамайтын ерекшелігімен көз тартатын ғимараттардың да қатары артқан. Бұның бәрі аудан экономикасының алға адым басуына зор септігін тигізері анық. Қазалылықтар арасында ата кәсіпті қолға алып, мал шаруашылығы өнімін өндіруге бет бұрғандар жетерлік. Соның бірі – «Зейнеп ана» шаруа қожалығы.
Бұл шаруашылық мал өсіріп қана қоймай, оның өнімін заман талабына, тұтынушының сұранысына сай өңдейді. Сүт, ет өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорын ашып, айран, кілегей, май, сүзбе, ірімшік, қаймақ, қазы өндіріп отыр.
Жеке кәсіпкер Әбдірахман Әби өзі өндірген өнімдерді аудан халқына «Рабия» дүкенінде ұсынады. Қазір шаруа қожалығында үш адам еңбек етеді. Цехта таңертеңмен қызу жұмыс басталады. Шағын үш бөлмеден тұратын ғимаратта сүт өңдейтін бөлме, ыдыс-аяқ жуатын орын, ағарғанды сақтайтын салқын бөлме және демалыс орны бар.
Кәсіптің осы түрін өркендетуді бірнеше жыл бұрын ойға алған азамат сүт цехына әжесінің атын берген.
– Жобаны биыл бастадық. Тәулігіне 80 келі өнім шығарамыз. Одан бөлек, қазының үш түрін, холодец, сорпа жиынтығын да дайындаймыз. Қазір жүз басқа жуық сиырымыз бар. Соның күнделікті сүтін пайдаға асырамыз. Әзірге өнімдеріміз өз дүкенімізде сатылуда, – дейді шағын кәсіпорынның басшысы.
Келешекте кәсіпкер Әбдірахман Әби кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Алға қойған мақсаттары да нық.
– Қазақ мал баққан ел. Оның етін тағам, сүтін сусын қылған. Тіпті терісінде кәдеге жаратқан. Біз үшін төрт түліктің жайы таңсық емес. Оның басын көбейтуді де өнімін тұтынушыға ұсыну да ұтылдырмайды. Қай істі де қолымнан келеді деп бастасаңыз, берекесін береді. Ең бастысы – әрекет ету.
Шаруа қожалығымыз әжеміздің атына, дүкеніміз қызымыздың атына берілген. Келіншегім екеуіміз бірге Қорқыт ата университетінде «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша білім алдық. Кәсіп ашу – оқып жүрген уақыттан мақсатымыз болатын. Алдағы уақытта құрылғылар алып наубайхана, шұбатхана ашсақ деген ниетіміз бар, – дейді Әбдірахман Әби.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
23 мамыр 2023 ж. 297 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930