Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлгілі отбасылар сынға түседі

Үлгілі отбасылар сынға түседі

Отбасы – шағын мемлекет. Еліміздің экономикалық тұрғыдан ғана емес, ұлттық құндылықтарды төрге шығаруы биік шаңырақ, үлгілі отаудың көптігіне тікелей байланысты. Әсіресе, жас жұптардың тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерге мығым болу иммунитетін қалыптастыруда өскен-өнген шаңырақтардың әрекет-амалын үлгі ету ұрпақ тәрбиесін жандандырады. Осы ойдың жетегінде жыл сайын ауданда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп тұрады. Апта басында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов үлгілілер сайысының биылғы ерекшелігі жайында аудан әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өткізді.
Өткен жылы байқаудың аудандық кезеңі тартысқа толы өтті. Аудан әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия құрамы бекітілді де, оған 18 отбасы құжат тапсырып, бақ сынады. Олардың жұмыстарына жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, ерікті азаматтар мен «Мерейлі отбасы» конкурсының бұған дейінгі жеңімпаздары төреклік етті. Нәтижесінде 30 маусымда өткен «Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысымен бас жүлде Сүлейменовтер отбасына бұйырса, бірінші орын Ықыласовтар отбасына табысталып, олар облыстық кезеңге жолдама алды.
Сондай-ақ, Құтжановтар мен Әбдіразақовтар отбасылары екінші, Ағыбаев, Бақытбергенов, Изеевтер шаңырағы үшінші орын иегерлері атанды. Қалған үміткерлер де бос қайтпады. Оларға «Өнегелі отбасы», «Үлгілі отбасы», «Өнерлі отбасы», «Бақытты отбасы», «Парасатты отбасы» номинациялары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сайыстың облыстық кезеңінде өнер көрсеткен Сүлейменовтер отбасы – «Өнерлі отбасы» номинациясына жеңіп алғаны есте. Биылғы конкурсқа 15 мамыр мен 15 шілде аралағында құжат қабылданады.
– Кез келген қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатының негізі болатын бақытты отбасылардың жетістігі, елдік ұстанымдарын халқымызға кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылатын мерейлі шараға ауданымызда қатысуға ниет білдірушілер саны жылдан-жылға артып келеді.
Биыл да осы дәстүр өз жалғасын табуып отыр. Үміткерлерді тіркеу басталды. Қатысушылар назарына, қазылар алқасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылардың жұмысына басымдық береді. Сондай-ақ, қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кірген мүшелері бар, бұрын сотталған мүшесі бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмырым мәңгі болмақ. Осы ретте, отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпағына тағылымды тәрбие берген жанұяларды аталған конкурсқа қатысуға шақырамын. Біздің ауданымызда мәуелі бәйтеректей өсіп-өнген, жапырағын кеңге жайған мерейлі отбасылар қатары қалың. Сондықтан ауызбіршілікпен қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімім бар, – деді Д.Тілеуімбетов.
Айта кетейік, осы сәтте Отбасы күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тарапынан флешмоб бастау алғанын хабарлап кетейін. #Отбасым хэштегінде әлеуметтік желілердегі парақшаларда отбасындағы тәрбиенің маңызы, жанұя татулығы, тағы да басқа отбасылық тағылымдық жайттар мен қызықты оқиғалар туралы посттар мен суреттер жариялануы қажет.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
20 мамыр 2023 ж. 333 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930