Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс

Президент тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдерін жеке қабылдады. Негізгі мәселе – аудандағы жасыл желек пен жасыл белдеулердің санын көбейтіп, экологиялық ахуалдың жақсаруына қол жеткізу.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Осыған орай ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс.
Қабылдауда Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдері аудан басшысына осы мәселеге байланысты өздерінің жоспарларымен таныстырып, егжей-тегжейлі баяндады.
– Қазалы ауданында Президент тапсырмасы тиянақты орындалуы тиіс. Ол үшін осы кезден бастап нақты жоспарларыңыз болып, қажетті қаржыларыңызды есептеулеріңіз керек. Жергілікті жердің топырағына дейін зерттеп, көктеп кететін көшеттерді отырғызу қажет. Бәрін-бәрін ескеріңіздер. Аяқсумен қалай қамтамасыз етесіздер. Су айдайтын матор қажет па? Қажет болса ол қанша тұрады? Жер асты суы жоқ па? Болса не істеу керек? Мұның барлығы да маңызды. Өйткені біз еккен әрбір тал көктеп, жасыл желекке айналуы тиіс, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдеріне екі аралықта жолдың қос бетіне «Жасыл белдеу» қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қараша 2020 ж. 596 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930