Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім кубогы сарапқа салынды

Білім кубогы сарапқа салынды

Өткен аптада Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай, аудандық білім бөлімі басшысының кубогы үшін кіші футболдан турнир өтті. Жиынның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды.
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен басталған додада 20-ға жуық мектеп командасы бақ сынауда. Ерекшелігі сол, ұстаздар сайысына бір мектептен бір ғана дене шынықтыру пәні мұғалімі қатыстырылады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов турнирдің ашылу салтанатында сәттілік тілеп, сайыс келешекте дәстүрлі сипат алатынына сенім білдірді.
– Ең алдымен айбынды әріптестерімді, жігерлі жігіттер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Қазалылық ұстаздар тек білім беру ісінде емес, салауатты өмір салтын сақтауда, оны шәкірттерге дәріптеуде ешкімнен кенде қалған емес. Бүгінгі байрақты бәсеке осы қадамға тағы бір дем бермек. Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік, – деді ауданның бас ұстазы.
Отан қорғаушылар күніне орай білім бөлімінің кубогы таң атқаннан кешке дейін созылған таласта 4 топқа бөлінген 20-ға жуық команда шебер ойын өрнегін салды.
Сайыс қорытындысы бойынша №104 мектеп ұстаздарынан құралған жанкенттіктер турнир жеңімпазы атанды. Күміс алқаны аудандық білім бөлімінің жігіттері қанжығаға басса, Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің мұғалімдері мойындарына қоладан алқа тағынды.
Таңнан кешке дейін созылған кіші футбол жарысындағы төрешілер шешіміне сәйкес, турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясы білім бөлімінің сарапшысы Ринат Әбдіқалыққа бұйырды. «Үздік сұрмерген» бағамын №104 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сырым Бегилдинов, «Үздік қақпашы» аудандық білім бөлімінің әдіскері Ержан Төлегенов, «Үздік қорғаушы» №70 мектептің математигі Кәрімжан Нұрмағамбет, «Үздік төреші» атағын №95 мектептің инженер-технигі Тимур Берденқұлов еншіледі. Ал «Үздік шабуылшы» бағамы №266 мектептің математика пәні мұғалімі Тұрсын Нұрділдә, «Үздік команда жетекшісі» атағын №70 мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Ардақ Жұмахметов жеңіп алды.
Турнирдің жабылу салтанатында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әбіш Роман қатысушы командаларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарға марапат пен қаржылай сыйлық табыстады.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
11 мамыр 2023 ж. 217 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 31

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930