Тәлімі мол тағылымды шара
Ауданда жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында түрлі шара қолға алынып келеді. Кеше соның жалғасы Әйтеке би кенттік мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Мен сарбазбын» атты әскери жиын өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз алып, Отан алдындағы борышын өтеу әрбір жастың парызы екенін еске салды.
Алқалы басқосуды жүргізген «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрбек Ақпанбетов келесі сөзді Қазалы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Нұрлан Құрманғалиұлына берді.
Мұнан бөлек, басқосуға келген жас өскіндер ауған соғысының ардагері Күмісбай Серікбайұлы мен тәжік-ауған соғысының ардагері Руслан Әбдусаттарұлына өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы әскерден келгеніне 1 ай болған жас сарбаз Ақниет Жылқайдар мен Қуантқан Мырзағалимен тілдесіп, сарбаздар өздерінің әскердегі қызықты сәттерімен бөлісті.
Айта кеткен жөн, тағылымы мол шарада 10-ға жуық жасөспірім өзінің әскерге деген ынтасы ашылып, Отан алдындағы борышын өтеуге асығатынын айтты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат