Қазалыда «Мен сарбазбын» шарасы өтті

Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Мен сарбазбын» атты әскери жиында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз алып, Отан алдындағы борышын өтеу әрбір жастың парызы екенін еске салды.
Жиынды жүргізіп отырған «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрбек Ақпанбетов келесі сөзді Қазалы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Нұрлан Құрманғалиұлына берді. Мұнан бөлек, басқосудаға келген өскіндер ауған соғысының ардагері Күмісбай Серікбайұлы мен тәжік-ауған соғысының ардагері Руслан Әбдусаттарұлына өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Айта кеткен жөн, тағылымы мол шарада 10-ға жуық жасөспірім өзінің әскерге деген ынтасы ашылып, Отан алдындағы борышын өтеуге асығатынын айтты.