Көңілге медеу “Көк орамал”
Посткеңестік дәуірде өмір сүрген халыққа «Көк орамал» әні жақсы таныс. Бұл ән күні бүгінге дейін көптің көңілінде жаттаулы. Композиция Отан соғысы кезінде сұранысқа ие болды. Кейін майдандағы рухты көтеруге және тыл еңбеккерлерінің ауыр күнделікті өмірін жарқын етуге арналған мәтіннің балама нұсқалары пайда болды. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы басты әндердің біріне айналған әйгілі шығарманың тарихына бойлап көрсек.
Бұл әннің ерекше тағдыры бар. Ән алғаш рет 1939 жылы Кеңес одағына танымал эстрадалық «Blue Jazz» эстарадалық ұжымның орындауында шырқалып, халыққа тараса, екінші рет 1940 жылдың көктемінде Мәскеуге келген гастрольдік сапары кезінде жұртышылыққа кеңінен тарайды. «Эрмитаж» музейінің бағында өткен концерттердің бірінде шырқалған ән көптің көңілінен шығады. Сол кеште ақын, драматург Я.М.Галицкий де төбе көрсетіп, концертте өнер көрсеткен композитор және джаз оркестрінің пианисті Ежи Петерсбурскидің көптеген әуезді импровизацияларын ерекше ұнатып қалады. Ол концерт кезінде өзіне ұнаған әуенді субтекстпен жазып алады да оған мәтін жазады.
Ән мәтініндегі қыздың көк орамалына қатысты сөздер әннің табиғатын ашып, оған жан берді. Соның арқасында «Көк орамал» оңай әрі санада тез жатталатын, түсінікті әнге айналды. Оны көптеген Л.Русланова, И.Юрьева, В.Козин сынды танымал әншілер репертуарларына қосты.
Дегенмен соғыс жылдарындағы ең танымал және кең таралғаны, сөзсіз, «Көк орамалдың» сол алдыңғы қатардағы нұсқасы, жаратылуының бастамашысы және алғашқы орындаушысы тамаша әнші, Кеңес Одағының Халық әртісі Клавдия Ивановна Шульженко болды.
1942 жылы «Шешуші шайқасқа!» газетінің әдеби қызметкері лейтенант Михаил Александрович Максимов Волхов майданында редакцияның миссиясында болып, К.Шульженкомен кездесті. Оның өлең жазатынын білген Клавдия Ивановна бірден соғысқа дейінгі «Көк орамал» әнінің әуеніне заман талабына сай сөздерден тұратын жаңа мәтін жазуды ұсынады.Сүйікті әні туралы сөз болғанда әнші: «Ән халық арасында кең тараған, қарапайым, елең еткізетін әуені бар. Бірақ бізге бүгінгі күнді, фашизмге қарсы ұлы шайқасымызды көрсететін басқа сөздер керек. Сонда ән әскерге керек болады», – дейді.
Ол кезде Максимов ақын емес еді, газетте екі ай ғана жұмыс істеді. Оған дейін ол бірінші тау атқыштар бригадасының құрамында артиллериялық-пулеметшілер батальоны командирінің көмекшісі ретінде соғысқан. Бірақ әншінің сөзі оны қатты толқытты. Ол әйтеуір күтпеген жерден: «Строчит пулеметчик» деп ойға бірінші оралған сөзді бастағаннан-ақ, мұны Клавдия Ивановна «Міне, міне» деп әрі қарай жалғастыруына қанаттандырады. Сөйтіп ол әннің жаңа мәтінімен жұмыс істей бастады. Әннің толық мәтіні 1942 жылдың 9 сәуір күні дүниеге келген еді.
Клавдия Ивановна Шульженко «Көк орамал» әнін тек М.Максимовтың мәтінінде ғана айтатын. Осынау танымал орындаушының дауысымен «Көк орамал» қайта өмірге келіп, жаңа тынысқа ие болды. Сөйтіп соғыс жылдарындағы әйгілі әндердің біріне айналды.
Бұл әуен әншінің тұрақты репертуарына еніп, пластинкаларға да жазылды. Оның танымал болуына ең көп үлес қосқан осы ән деуге негіз бар. Бұл оның бойтұмарына айналған ән болды десек жарасады. Бір қызығы, сол көк орамал Новодевичье зиратындағы К.И.Шульженконың бейітінде де бар.

А. ЖҮСІПОВА