Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баға тұрақтылығына мониторинг жүргізілді

Баға тұрақтылығына мониторинг жүргізілді

Бүгін партияның Қазалы аудандық филиалы жанындағы бақылау тобы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасы мен қорына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу тобы ең алдымен аудан орталығындағы ірі сауда дүкендеріне барып, кәсіпкерлермен және ондағы тұтынушылармен пікірлесіп, бағаны тұрақтандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне сатылымдағы өнімдерді шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады.
Мұнан соң мониторингтік топтың жұмысы дәріханалар мен жанармай бекеттерінде жалғасып, жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы, ал дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігі анықталды.
#AMANAT
#мониторингAMANAT
04 мамыр 2023 ж. 523 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 26

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 22

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 32

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 34

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 34

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031