Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда алғашқы дән себілді

Қазалыда алғашқы дән себілді

Қазалы ауданының дихандары күріш егуді бастады. Күн жылынғаннан жер тырмалап, соқа-кеппенін сайлаған шаруалар биыл 6993 гектар жерге күріш дақылын егуді жоспарлап отыр. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Алға ауылдық округі, «Ақмаржан» шаруа қожалығының егіс алқабында өткен «Дала күні» шарасына қатысты.
Ең алдымен аудан басшысы аудандық мәслихат төрағасы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, шаруашылық құрылым басшылары, ауылдық округ әкімдері және еңбек ардагерлерімен бірге ақсақалдардың батасын алып, алқапқа алғашқы дән сеуіп, дихандарға сәттілік тіледі.
«Көктемнің бір күні - жылға азық» деген қағиданы берік ұстанған аудан диқандары дала қостарына ерте шығып, күріш егісінің дайындығына кірісіп кетті. Сәл кешіксе болғаны, еңбегі еш кететінін қаперден шығармайтын диқандар тамшылата тер төгіп, егіс алқаптарында таң сәреден, кеш батқанша дейін аянбай еңбек етуде. «Не ексең, соны орасың» демекші, көктемгі тынымсыз еңбектің нәтижесін күзде, жиын-терім кезінде көретініміз анық. Бүгінгі дән себу шарасы баршамызға құтты болсын. Егініміз бітік, қанбамыз дәнге толсын», – деді аудан әкімі.
Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Онда аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов көктемгі егіске дайындық барысы туралы баяндады. Ал «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбілдаев аудан шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету мәселелері жайлы сөз қозғаса, «Ақмаржан» шаруа қожалығының жетекшісі Мұхтар Тәжімұратов шаруашылықтағы дайындық барысы туралы хабарлама жасады.
Аудан басшысы дихандарға күріш егу науқанын оңтайлы мерзім ішінде аяқтау үшін ұйымдастыру шараларына аса мән беріп, барлық агротехникалық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, дихандардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, шара барысында бірқатар еңбек адамдары облыс әкімі мен аудан әкімінің “Құрмет грамотасы” және “Алғыс хатымен” марапатталды.
03 мамыр 2023 ж. 278 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031