Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ҮЗДІКТЕРІ АСТАНАҒА ЖИНАЛДЫ

ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ҮЗДІКТЕРІ АСТАНАҒА ЖИНАЛДЫ

Бұнда шахматтан әйелдер арасында алғаш рет ерекше форматтағы турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Яғни, Қазақстанның ең мықты деген спортшылары әлемнің айтулы шахматшыларына қарсы ойнайды. Жарыс «А» және «В» санаттарында өтіп жатыр. Алғашқысында ел намысын Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлик, Динара Садуақасова және Меруерт Қамалиденова төрттігі қорғап жатыр. Әлем құрамасында қытайлық Хоу Ифань, үндістандық Харика Дрюнавали, әзірбайжандық Гюнай Мамедзадэ және грузиялық Нана Дзагнидзэлер бар. Алғашқы күндері олар рапид бойынша 8 тур ойнады. Әсіресе Бибісара Асаубаеваның жеңісін ерекше атап өту керек. Ол 4 дүркін әлем чемпионы және қазір әлемдік рейтинг көш бастар тұрған Хоу Ифаньды 2 мәрте ұтты. Шахмат мамандары бұны сенсацияға балап жатыр. Бірақ жалпы есепте 34:29 есебімен әзірге әлем командасы алда келеді. Енді 19 сәуір күні шахматтың блиц түрі бойынша шешуші кездесулер өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ доллар құрайды. Ал негізгі бәсеке дәл қазір ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасында өтіп жатыр. Олар классикалық шахматтан әлем чемпионы атағын сарапқа салуда. Күні кеше 7-ші тур өтті және ол ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды. Ян ақ түсті фигуралармен ойнады және 33-ші жүрістегі қарсыласының қателігін ұтымды пайдаланды. Нәтижесінде 37-ші жүрістен кейін Дин Лижэнь жеңілгенін мойындады. Осылайша, 7 кездесуден кейін 4:3 есебімен Ян Непомнящий алға шықты. Енді олар 1 күндік демалыстан кейін қайтадан жарыс алаңына оралады. Қос шахматшы дәл осылай 14 мәрте жолығуы қажет. Жарыстың жалпы қорытындысы 1 мамырда белгілі болады. Айта кетейік, бұл бәсекеге 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен қатысып, өз атағын қорғауы керек еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.
19 сәуір 2023 ж. 474 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 43

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031