Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекеге қабілетті болу – жаңашылдыққа жол

Бәсекеге қабілетті болу – жаңашылдыққа жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек екенін атап өтті. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Мемлекет басшысы Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты екеніндігін айтқан болатын.
Бұқаралық ақпарат құралдары халық пен билік арасындағы алтын көпір. Бүгінгідей ақпарат ағыны толассыз туындап жатқан шақта ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие, әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударған орынды. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтеруге міндетті және оның оң шешім табуына азаматтық жауапкершілікпен қарағаны жөн.
Біз бәріміз бірге жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз және бүгінгі күні бұл сөздің күші зор екенін түсінуіміз керек. Осы орайда БАҚ-тың да қосар үлесі зор.
Қазір әлеуметтік желінің қолданылу аясы кең. Оны пайдаланушылар қатары да күннен күнге артып келеді. Ал желіде жарияланған ақпараттың ақ-қарасын қарапайым халық түсіне бермеуі мүмкін. Бұл ретте отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби біліктілігі мен іскерлігі аса маңызды деп ойлаймын. «Анау олай деді, мынау былай деді» деп алып-қашпа әңгіменің жетегінде жұртшылыққа жаңалық тартудың зардабы орасан. Сондықтан бәскеге қабілетті болу дегеніміз менің пайымдауымша кәсібилік, жеделділік, жан-жақтылық әрі шынайлықта жатыр.
Қоғамды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайтынын айтты. Президент мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін атап өткен болатын. Бұл заңның да елдің өркендеуіне, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәскеге қабілетін арттыруда айтарлық септігін тигізеріне сенім мол.
Сахи ҚАПАР, ардагер журналист
17 сәуір 2023 ж. 307 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031