Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пайызсыз несие: Алаяқтар өз құрбандарын алдау үшін жаңа қулық түрін ойлап тапқан

Пайызсыз несие: Алаяқтар өз құрбандарын алдау үшін жаңа қулық түрін ойлап тапқан

Интернеттегі алаяқтық деректері елімізде азаймай отыр. Мәселен, 2022 жылы мұндай қылмыстар саны 29,9 мыңға дейін өскен. Әрі уақыт өткен сайын алаяқтар өз құрбандарын құрыққа түсірудің жаңа тәсілдерін ойлап табады. Солардың бірі – пайызсыз несие ұсыну арқылы азаматтарды алдау.
Пайызсыз несие ұсынатын алаяқтар көп жағдайда Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейді. Олар өз арналарын белсенді жүргізіп, несие жайлы жарнамаларды орналастырады. "Несиені бір күнде рәсімдеу", "Ресми жұмыс істемесеңіз де несие рәсімдеп беруге уәде береміз" деп азаматтарды қызықтыра түседі екен. Ал берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін.
Telegram арнадағы алаяқтар несиені жеке инвесторлар атынан ұсынады. Fingramota.kz сайтының мәліметінше, пайызсыз қарыз беретін жалған компаниялар несиені 18 жастан асқан барлық азаматтарға рәсімдейді.
Айта кетерлігі, бұл жағдайда алаяқтар өз құрбандарын іздеп әуре болмайды. Telegram арнаға қосылған соң олар қолданушы туралы деректерді өз базасына енгізеді. Әрі қарай құрбанымен WhatsApp немесе Telegram арқылы сөйлеседі екен.
Адамды "тиімді шарттармен берілетін несие алуға" көндірген соң қаскөй өтінішті толтыруға арналған сайттың сілтемесін жібереді. Оның үстіне құрбанының сеніміне кіру үшін "алғыс білдірген клиенттердің" жағымды пікірлерін оқып шығуға кеңес береді.
Бұдан кейін алаяқ өтініштің қабылданғанын мәлімдеп, несие рәсімдеуге арналған комиссия төлеу керегін айтады. Көп жағдайда комиссия құны 30 000 теңге болады. Барлық процедураны аяқтау үшін қарыз алушы тағы да тіркеуден өтіп, автоматты ақша аударымы, есепшотты іске қосу және банк жәшігін жалға алу сынды қосымша қызметтердің ақысын төлейді.
Жоғарыда аталған қызметтер үшін алаяқ қаржыны мүлде басқа адамның есепшотына аударуды сұрайды. Бұл олардың аты-жөнін анықтай алмауы үшін жасалады. Азамат барлық қаржыны жіберген соң алаяқ байланысқа шығуды доғарады.
Осы тұста елімізде несиені Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар несие ұйымдары ғана бере алатынын естен шығармаған жөн.
Заңгер Турахан Низамединова интернеттегі алаяқтардың көпшілігі өзге елдерде тұратынын айтады. Ал Қазақстанда құрбандарын іздеу үшін өзге азаматтардың байланыс нөмірін пайдаланады екен.
"Көп жағдайда арнайы қосымша арқылы қариялар мен зейнеткерлердің ұялы байланыс нөмірін қолданып, қулықтарын іске асырады. Сондай-ақ көбінесе алаяқтың құрбаны болатындар – зейнеткерлер. Себебі қоңырау шалғанда олар жағдайға сыни көзқараспен қарай алмайды. Мысалы, біз заңгер ретінде мұндай деректердің жиі орын алатынын білеміз. Тіпті маған да алаяқтар қоңырау шалады. Бірақ мәселенің анық-қанығына жету үшін банкке немесе өзге ұйымға хабарласып, тексеремін", – деді маман.
Заңгердің айтуынша, алаяқтар тек банк қызметкері ретінде ғана емес, полицей немесе өзге де құзырлы орган атынан қоңырау шалуы мүмкін. Өз сөздерінде олар құрбандарына қандай істің тергеліп жатқанын және күдікті адамның кім екенін айтады дейді.
"Бірақ тергеушілер еш уақытта қылмыстық істі тексеру кезінде азаматтарға хабарласпайд, тек құзырлы органдармен байланыс орнатады. Телефон арқылы мұндай мәлімет жария етілмейді. Егер расымен жауап алғысы келсе, арнайы шақырып, кездескен соң өздерін қызықтырған сұрақтарды қояды", – деп қосты ол.
Турахан Низамединова елдегі алаяқтыққа қатысты қылмыстық істердің толыққанды тергелмейтінін қосып өтті.
"Құзырлы орган қызметкерлері арыз түскен соң алаяқты ұстау бойынша шара қабылдамайды. Қылмыстық істі күдіктінің анықталмауына байланысты тоқтатып қояды. Әрі қарай істі ешкім жүргізбейді. Осылайша күдіктілер мен кінәлілер жазаға тартылмай қалады", – деп аяқтады заңгер.
31 наурыз 2023 ж. 347 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930