Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды

Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды

Мәжіліс депутаттарының пікірінше, пайызсыз несие мұғалімдердің кәсіптен кетпей, тұрақтауына септігін тигізеді.
Парламент мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова мұғалім мамандығының беделін арттыру бойынша біріккен отырыста мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды.
Мәжіліс депутаты бұл ұсынысты халықаралық тәжірибеге сүйеніп айтып отыр.
"Халықаралық тәжірибені алып қарасақ, мұғалімдерге пайызсыз несие беру – оларды сол мамандықта ұстап тұру үшін таптырмас шара", — деді Омарбекова.
Оның айтуынша, бұл амал елдегі мұғалім кадрларының тұрақтауына ықпал етеді.
Айта кетейік, кадрлардың тұрақтамауы туралы тағы бір халық қалаулысы Наталья Жұмаділдаева да сөз қозғаған еді.
Оның пікірінше, кадрлардың тұрақтамауын ұлттық деңгейде есепке алу керек.
"Қазіргі уақытта мұндай есеп жүргізіліп жатқан жоқ. Деректердің жоқтығынан бұл ахуал туралы, проблемалар мен мамандықты тастау себептері жайында біле алмаймыз. Бұл ұстаздың беделін көтеру үшін тиісті шаралар қабылдауға кедергі келтіреді", — дейді Жұмаділдаева.
Депутаттың мәліметіне сүйенсек, кадрлардың тұрақтамауына ұстаздардың жалақысы мен еңбек ету жағдайына көңілі толмауы себеп болады.
"Айта кетсек, білім беру жүйесіндегі кадрлардың тұрақтамауына халықаралық формуламен баға беретін болсақ, біздің елде кем дегенде мұғалімдердің 1%-ы басқа салаға ауысар болса, жарты миллиард теңге шығынға ұшыратады", — деп алаңдайды мәжіліс депутаты.
Мұғалімдердің беделін арттыру қажеттігі туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 қаңтардағы жолдауында айтқан болатын.
20 ақпан 2018 ж. 1 519 0

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 181

Білім сапасы бақылауда

13 ақпан 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728