Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстан халқына" қоры алаяқтар туралы ескертті

"Қазақстан халқына" қоры алаяқтар туралы ескертті

Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімін пайдаланып, қазақстандықтарға несие рәсімдемек болған. Бүгінде 400-ден астам өтініш түсті. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қор мәліметінше, тек демалыс күндері ғана "Атамекен" ҰКП байланыс орталығына осындай шағыммен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.
Баспасөз қызметі мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны көмек алуға өтінім толтырғаннан кейін экранда несие сәтті өңделгені туралы ақпарат шыққанын, одан әрі ақшалай несиені алу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түскенін айтқан.
"Мұндай оқиға Өскеменде де болды. Ол жерде қала тұрғынына жалған электрондық үкімет порталынан СМС-хабарлама келген. Содан кейін алаяқ телефон арқылы 1 166 000 теңге көмек қаражатын жіберу үшін SMS-кодты сұраған", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Қордың баспасөз қызметі қазақстандықтарға тек ресми ақпаратқа ғана сену керек екенін ескертті.
"Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс - qazaqstanhalqyna.kz сайты және қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі. Біз азаматтарды қауесеттерге сенбеуге және алаяқ ұйымдардың арандатуына түсіп қалмауға шақырамыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз", - деді "Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.
08 ақпан 2022 ж. 885 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 109

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031