Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды inform.kz.
Жаңа өзгеріске сай, енді аталған ведомствоға мына құзыреттер берілмек:
- 12 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту;
- 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды айқындау;
- мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындау;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту;
- еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
- «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту;
- аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарына қойылатын тану қағидаларын бекітеді. Танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру және бекіту;
- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы және оны әзірлеу қағидаларын бекіту.
Министрлік түсіндірмесіне сай, бұл құзыреттерді беру – білім саласын одан әрі дамытуға және оның сапасын арттыруға ықпал етпек.
Қаулы 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
31 наурыз 2023 ж. 331 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 573

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 019

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031