Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық мәселесі талқыланды

Тазалық мәселесі талқыланды

Тазалық – мекен шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осыған орай кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен санитарлық тазалық мәселесіне байланысты мәжіліс өтті.
Тазалықтың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталған Мұхтар Әуесұлы аудан тұрғындары мен мекеме-кәсіпорын ұжымдарын елдік іске белсене араласып, көркейту-көгалдандыру шараларына біркісідей атсалысуға шақырды. Сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының, теміржол өткелдері мен шет аймақтардың санитарлық тазалығын тұрақты негізде қамтамасыз етуді тапсырды.
– Қазіргі таңда ауданда санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жерлестеріміз ортақ шаңырағымызды таза ұстау, оның көркеюіне атсалысу – баршамызға парыз екенін үнемі қаперде ұстауы қажет. Таза көше, таза аула – әрбір аудан тұрғынының мақтанышы болуы тиіс. Сол үшін аудан тұрғындарын бірлесе отырып, тазалық шараларына қолдау білдіруге шақырамыз, – деді аудан басшысы.
Сенбілік күнделікті көріп жүргеніміздей, көп кідірісті қажет етпейтін, өмірдегі өзекті мәселе. Себебі, тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Ол болмаған жерде бейберекетсіздік еңдеп, қоғамда қауіпті жағдайлар орын алып, адам денсаулығына зиянды факторлар пайда болуы ғажап емес.
Бұлай деуімізге өзге елдердегі түрлі жұқпалы ауру-сырқаулар негіз болуда. Яғни, тазалық сақталмаған жағдайда инфекциялық түрлі дерт тарайтынын ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан санитарлық жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің мәні осында. Бұл – бір. Екіншіден, тұрмыстық қатты қалдықтар кез келген жерде шашылып жатса, көшенің де көркі қашады. Ауыл, елдің сәні бұзылады. Сол үшін «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші аудан тазалығына жоғары жауапкершілік танытайық.

Серік АҚМЫРЗА
28 наурыз 2023 ж. 393 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930