Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Су тасқынына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Ақтөбе және Қарағанды облыстарында қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен бірге республиканың алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының шығысында тұман. Ауа температурасы күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 6, облыстың батысында 17 градус жылы болады.
Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы.
2023 жылғы 24 мен 26 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Ақтөбе (Қобда, Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алға, Ақтөбе қ. ауданы) және Қарағанды (Шет, Ақтоғай аудандары) облыстарында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің кенеттен көтерілуі және судың жайылуы мүмкін.
24 наурыз 2023 ж. 268 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930