Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жауын-шашын болыр, жел соғады.Қазгидромет 21 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Таңертен және күндіз 21, тәулігіне 22 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 29 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
21 қазан 2022 ж. 411 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031