11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с жетеді.Қазгидромет 20 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Абай облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облысының оңтүстігінде екпіні 23
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
20 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы түнде облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.