Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринарлар мәртебесі бекітіледі

Ветеринарлар мәртебесі бекітіледі

Елдегі ветеринарлардың енді ұстаздар мен дәрігерлер іспетті өз мәртебесі бекітіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев айтты.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Асқар Жақыпбаев еліміздегі ветеринария саласына тоқталды. Сөзінше, бүгінде ел бойынша 12,2 мың ветеринар дәрігер бар екен. Бірақ әлі де бұл салада 800 маман жетіспейді. Былтыр республика бойынша жалақы 50 процентке көтерілген. Осылайша жоғары білімі бар ветеринарлардың жалақысы биыл 145-282 мың теңге аралығына жетіп отыр.
«Еліміздің 12 өңірінде жалақы 200 мың теңгеден жоғары. Ал 6 өңірде ветеринарлар 170-200 мың теңге аралығында еңбекақы алады. Осы орайда айта кеткім келеді, 145 мың және 151 мың теңге көлеміндегі жалақы тек Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында ғана», – деді Асқар Жақыпбаев.
Сонымен қатар ол енді ветеринар дәрігерлердің мәртебесі заңмен бекітілетініне де тоқталды.
«Өкінішке қарай, 11/93 қаулысына сәйкес ветеринарлардың мәртебесі заңмен нақтыланбаған. Құжатта ветеринарлар туралы «тағы сол сияқты» деген бөлікте айтылған. Сондықтан алдымен, ветеринар дәрігерлердің мәртебесі бекітіледі. Ұстаздарда, дәрігерлерде бар, ал ветеринарларда мәртебе жоқ», – деді ол.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
14 наурыз 2023 ж. 319 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930