Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринарлар қағазбастылықтан құтылады

Ветеринарлар қағазбастылықтан құтылады

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария жүйесі қалай реформаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Біріншіден, мемлекеттік монополия функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр. Бұл осы салаға жеке капиталдың келуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, ветеринариялық қызмет жұмысы цифрлық форматқа көшіріледі. Осы арқылы бір жағынан эпизоотиялық ахуалдың қадағалануы мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Екінші жағынан цифрландыру ветеринар мамандарды қағазбастылықтан босатып, негізгі функцияларын орындауға мүмкіндік береді», – деді Ербол Қарашөкеев. Министрдің сөзінше, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі арасындағы өкілеттік бөлінеді. «Ветеринарлардың жалақысын көтеру мәселесін шешу жоспарланып отыр. Бұл бастамаларды іске асыру үшін ветеринария саласындағы заңнамаға өзгеріс пен толықтыру әзірленеді», – деді Ербол Қарашөкеев.
02 қыркүйек 2021 ж. 597 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 136

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 127

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031