Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қай саланың өкілдері ең төменгі жалақы алады

Елімізде қай саланың өкілдері ең төменгі жалақы алады

Жас бойынша қарастыратын болсақ, ең жоғары орташа айлық жалақы 35 пен 44 жас аралығындағы жұмысшыларға тиесілі екен - 247,8 мың теңге.
Сауалнамаға елдегі ірі компаниялар мен шағын және орташа компаниялардың 30 пайызы қатысты.
Басылым ұсынған ақпаратқа сенсек, елдегі әрбір бесінші қызметкер 90 мың теңгеден аспайтын жалақы алады.
Қазақстандағы жұмысшылардың төрттен бірінен астамы 45 мыңнан 105 мың теңгеге дейін жалақы алады. Ең үлкен топ, немесе 36,9% - 105 мыңнан 210 мың теңгеге дейін жалақы алатын қызметкерлер.
Сондай-ақ, жұмысшылардың төрттен бір бөлігінен көбі 210 мыңнан 390 мың теңгеге дейін жалақы алады, ал 390 мыңнан жоғары жалақы алатындар - қызметкерлердің 10,7%-ын ғана құрап отыр.
Жас бойынша қарастыратын болсақ, ең жоғары орташа айлық жалақы 35 пен 44 жас аралығындағы жұмысшыларға тиесілі екен - 247,8 мың теңге. Одан кейінгі орынды орташа жалақысы 237,7 мың теңгені құрап отырған зейнеткерлік жастағы қызметкерлер алып отыр.
Ең төменгі орташа айлық жалақы жұмысқа жаңадан кіріскендер арасында байқалды, яғни 16 мен 24 жас аралығындағы қызметкерлер - 150,2 мың теңге. Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақысы ең жоғары сала - қаржылық және сақтандыру қызметі, онда қызметкерлердің орташа айлығы - 394,3 мың теңге. Сондай -ақ, кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет (344,6 мың теңге) пен құрылыс (321,1 мың теңге) саласы да жалақысы жоғары салаға еніп отыр. Ал ең төменгі орташа жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында байқалуда (135,1 мың теңге). Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен операциялар сегментінде де, (141,8 мың теңге), өнер, ойын -сауық және демалыс саласында (143,5 мың теңге) да жалақы төмен болып отыр.
Мамандар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы менеджерлер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында тіркелуде (372,1 мың теңге). Екінші орында кәсіби мамандар (258,7 мың теңге), одан кейін өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер (199,3 мың теңге).
Ең төменгі жалақыны күтілгендей біліктілігі жоқ жұмысшылар алды: 87,1 мың теңге. Сондай-ақ, жалақысы төмендердің қатарында қызмет көрсету және сату бойынша жұмысшылар (115,4 мың теңге), фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығындағы жұмысш
ылары, балық өсіру мен балық аулау (116,2 мың теңге) қызметкерлері бар. 
08 қазан 2021 ж. 449 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930