Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойдағыдай өткен оқу-жаттығу

Ойдағыдай өткен оқу-жаттығу

Бейсенбі күні Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазалы қаласының аумағында «Көктем – 2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Көктемгі кезеңге дайындық шарасына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, оқу-жаттығуды басқару штабының басшысы Саид Молдақараев пен облыстық азаматтық қорғау қызметінің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Дайындық жұмыстары аудан аума­ғындағы су басу қаупі бар аумақ саналатын «Шағала» лагерінің маңына ұйымдастырылды. Мұнда 227 жеке құрам мен 90-ға жуық техника тартылды. Сондай-ақ Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және Басықара ауылындағы сиреналар іске қосылып тексерілді.
Оқу-жаттығу барысында «Шағала» лагерінде 41 қызметкер бар екені анық­талып, қажетті тасымалдау көліктері арқылы тұрғындар эвакуациялау пунктіне шығарылды. Эвакуациялау пунктіне М.Горький атындағы №16 мектеп белгі­леніп, құтқарылған тұрғындарға дәрігер­лердің көмегі мен қажетті шаралары қабылданды. Сонымен бірге лагер аумағында жайылымда жүрген жеке тұрғындардың бірқатар малы қауіпсіз аймаққа көшіріліп, жем-шөптері берілді.
Мұнан кейін аудан басшысының төраға­лығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде комиссия отырысы өтіп, салалық мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Қорытынды жиын аудан әкімдігінде жалғасын тапты. Басқосуда оқу-жаттығу кезіндегі орын алған бірқатар жайттар айтылып, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков атқарылған жұмыстарға байланысты баяндама жасады.
Облыс әкімінің нұсқаулығына сәйкес Қазалы ауданы әкімінің нұсқаулығы әзірленген. Осыған байланысты аудан басшысының төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы болып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілген. Сонымен қатар аудан аумағындағы су басу қаупі бар елді мекендердегі қорғаныс бөгеттерінің жай-күйі басты назарға алынып, техникалары мен инертті заттар қоры, қажетті құралдары жинақталып, адам саны нақтыланған.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, оқу-жаттығуды басқару штабының басшысы С.Молдақараев шараға оң бағасын беріп, жергілікті жұртшылыққа рақметін айтты.
Айта кетейік, басқосу соңында аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы оқу-жаттығуды аудан аумағында өткізуді белгілеп, тәжірибиелерімен бөліскен құтқару қызме­тінің мамандарына алғысын білдірді.

А.БАҚЫТҰЛЫ
07 наурыз 2022 ж. 419 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930