Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дайындық пысықталды

Дайындық пысықталды

2018 жылдың 5-6 наурызында Қазақстанның барлық аймақтарында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Осыған байланысты Әйтеке би кентіндегі Қобыланды батыр көшесінің бойында азаматтық қорғау қызметтерінің 215 жеке құрамы мен 71 техникасы сапқа тұрғызылды. Бұған медицина, өрт сөндіру, құқық қорғау, тағы басқа да мекемелер жұмылдырылып, жалпы есебі 29 жасақ оқу-даярлық шарасына қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Өмірбек Сақтабаев хабарлама жасап, су тасқынына құтқарушы жасақтардың тас түйін дайын екендігін мәлімдеді.
Көктемгі су тасқынының алдын алу және жою шараларына байланысты өткен оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Жарасхан Мұратбаев қатысып, жеке құрам мен техникалардың дайындығын аралап көріп, жасақ құрамымен танысты. Және алдағы уақыттағы су басу қаупінің алдын алуға байланысты мәселелер түсіндіріліп, алда атқарар міндеттер анықталды.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ.
13 наурыз 2018 ж. 1 440 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 63

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031