Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орны бөлек мереке

Орны бөлек мереке

Биыл ел іші сегізінші жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтеді. Алғашында мереке форматын түрлі этнос өкілінің қазақ халқына алғыс айтып, көңіл түкпіріндегі лебізін жеткізеді деумен байланыстырдық. Қазір Алғыс айту күнін жұрт көктемнің келгенімен, берекенің бастауымен астастырады. Туған-туыс, дос-жаранға алғыс айтып, дастарқан басына жиналады.
Иә, жыл санап Алғыс айту күнінің ауқымы кеңейіп келеді. Балабақша мен мектептен басталған іс-шара мемлекеттік деңгейдегі салтанатпен жалға­сады. Халықтың 1 наурызды жылы шыраймен, ыстық лебізбен қарсы алатыны көрініп-ақ тұр. Әрі бұл мереке 14 наурыз күнгі Көрісу күніне алғышарт болып, қабысып жатқандай әсер қалдырады. Сондықтан да этно­графтар біраз жылдан бері 1 нау­рыз бен 14 наурыз аралығына атау беріп, өзінше тойлауды ұсынып жүр.
Айталық, әлемде Алғыс айту күнін мереке етіп тойлауды тұңғыш Президент ұсынған еді.
«Қазақстан халқы ассам­блеясы құрылған күн – 1 нау­рызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне мейірім танытып, өз туғанындай қабыл­даған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстан­дықтардың бір-біріне деген дос­тығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген еді.
Жалпы, әлемде Алғыс айту күні тарихы 1621 жылдан бастау алады. Алғаш рет бұл күнді ағыл­шын колонистері тойлаған. Губернатор Уильям Брэдфорд қыс бойы аштыққа төзген халық­тың көңіл күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Оның бұл үрдісін көршілері де қостап, дәстүрге айналдырып, қаһарлы қысты шығарып салып, думандатады. Ағылшындар үшін алғыс айту күнінің символы – түйетауық. Өйткені колонистер мерекені алғаш рет тойлағанда төрт түйетауық жеген екен.
Келе-келе Алғыс айту күнінің географиялық ауқымы кеңейді. Мәселен, 1789 жылы Джордж Уашингтон алғыс айту күнін «Ұлттық мереке» деп жария­лайды. Аталған күні бір дастарқан басында жиналып, туған-туысқа сыйлық беріп, қуанту үрдіске айналады. Адамдар бір-бірінің көңілін көтеру үшін сан түрлі тосынсый ойлап табатынды шығарған. Қала ішіндегі метрода атаулы үстелге азық-түлік пен ақша қойып, қайырымдылық жасау да әдетке айналған. Соның ішінде ХVІІ ғасырдан келе жатқан әртүрлі киімді киген тұр­ғын­дар шеруге шығып, думанды кеш ұйымдастырады. Атаулы күннің қарсаңында жұрт жүзін­дегі күлкі мен мейірім бар ауыр­тпалықты артта қалдырғандай әсер сыйлаған.
Жоғарыда айтқанымыздай, аталған мереке елімізде 2016 жылдан бері тойланады. Респуб­ликалық деңгейде концерт, қайырымдылық акциясы, теле­марафон мен түрлі шара ұйым­дас­тырылады. Айта кетерлігі, балабақша мен мектептегі Алғыс айту күнінің орны бөлек. Өйткені ұстаздар бұл күнді оқушы жадын­да ата-анаға, туған елге, үлкен мен кішіге алғыс айтып, лебізін жеткізетін айрықша күн ретінде бейнелейді. Өз кезегінде оқушы­лар да қолынан келген сыйлығын жасап, үлкендерді қуантқысы келеді. Мәселен, биыл Алғыс айту күні қарсаңында Алматы облысында 100-ге жуық іс-шара өтеді. Атаулы датаны мерекелеу 20 ақпаннан 1 наурызға дейін жалғасады.
28 ақпан 2023 ж. 353 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930