Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халқына қызмет еткен Каримулла

Халқына қызмет еткен Каримулла

Қазақ ССР-не Еңбек сіңірген қызмет көрсету саласының қызметкері, Каримулла Тәжмағамбетов 1939 жылы 23 ақпанда Қазалы ауданы, қазіргі «Арықбалық» ауылдық округінде туған. Ол 1971 жылдан 1996 жылға дейін КПСС мүшесі болған, білімі жоғары. 1953 жылы Арықбалық ауылсоветіне қарасты «Жиделі» жеті жылдық мектебін бітірген.
Бұдан соң Үрмаш Түктібаев атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. 1957-1959 жылдары Қазалыдағы Ауылшаруашылық техникумының бухгалтерлік бөлімін бітіріп, 1979 жылы Қарағанды кооперативтік институтының экономист-бухгалтер мамандығын сырттай аяқтаған. Каримулла Тәжмағамбетов 1959 жылдан бастап Қазалы аудандық тұтыну қоғамдарында бухгалтер, бас бухгалтер қызметінде абыройлы еңбек етті. 1971-1972 жылдары Қазалы теміржол ресторанында директор қызметінде болды. Әр жылдары Қазалы қалалық тұтыну қоғамының басқарма төрағасы, Қазалы аудандық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы болып қызмет атқарды. Жалпы кооператив саласында 40 жыл елі мен туған жеріне адал еңбек сіңірді.
Каримулла Тәжмағамбетов аудандық тұтыну кооперациясын басқарған жылдары еңбегі жоғары бағаланып, марапаттарға ие болды. Оған «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген қызмет көрсету саласы қызметкері» құрметті атағы берілген. «Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік еңбекті Құрметтеу медалімен марапатталған. «ССР Тұтыну Кооперациясының «Озаты» белгісі берілген. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 1975,1976,1977,1978 жылдары және ІІ бесжылдықтың социалистік жарыстың жеңімпазы белгісімен наградталған және республикалық, облыстық тұтыну кооперация басқармаларының құрмет және мақтау грамоталарымен марапатталған.
Өзі қызмет атқарған 40 жыл мерзім ішінде 24 жыл үздіксіз басшылық қызмет еткен Каримулла Тәжмағамбетов қосымша қоғамдық жұмыстар атқарды. Қалалық Советке 2 рет және аудандық Советке 5 рет депутаттыққа сайланған. Аудандық партия комитетінің мүшелігіне 4 рет партия конференцияларының мүшелігінде болды. Облыстық партия конференцияларына 3 рет мүшелікке, СССР тұтынушылар одағының 1984 жылы ХІ съезіне Қызылорда облыстық тұтынушылар одағының атынан конференцияға бір рет делегат болып сайланды. Қазақстан тұтыну қоғамдары одағының съездеріне 4 рет делегат болды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ХҮІІ-съезіне 1987 жылы делегат, республикалық, облыстық тұтыну кооперациясының кеңес мүшесі атанды. Қазалы аудандық кеңестің және әкімінің алқа мүшесі де болған.
Каримулла Совет кеңесі орындарының нұсқауларын басшылыққа ала отырып, ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеруге, әсіресе жүйе бойынша сауданың материалдық базасын жақсарту, олардың көрсеткіштерінің ай және тоқсан сайын орындауына ықпалын тигізді. Ол бастауыш партия ұйымының партбюро мүшесі, аудандық кәсіподақ комитетінде президиум мүшесі, жүйе бойынша экономикалық советтің председателі, насихатшы есебінде қоғамдық жұмыстар атқарған. Озат тәжірибені өрістетуде біршама жұмыстар атқарды. Сауданың мәдениетін жақсартуда 3 рет облыстық, 4 рет аудандық семинар кеңесі өткізіліп, бірнеше рет жәрмеңкелер өткізген. Соның нәтижесінде жүйе бойынша саяси тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде, техникалық және басқа да қауіпсіздіктерді сақтауда жұмыстар жүргізген.
Каримулла Тәжмағамбетов басшылық еткен тұста Өнім өндіру 1974 жылмен салыстырғанда жалпы сауда айналымын 6 пайызға өсірген. Жүйе бойынша 1971 жылдан 1988 жыл аралығында қаржы шаруашылығының бірқалыпты болуына және мемлекет меншігін талан-таражға түсіруге жол бермеген.
Көрсетілген мерзім ішінде сауданың материалдық техникалық базасын жақсартуда күрделі қаржы есебінен аудан орталығынан 18 орындық универсалды магазин, ХХІІ партия съезі, Бозкөл, Өркендеу, мал бордақылау, Жаңақұрылыс совхоздарында сауда орталықтарын салғызған. Сонымен қатар мал сою пунктінен колбаса цехы, лимонад, кондитер, карамель цехтарының құрылыстарын жүргізу арқылы тамақ өнімдерін өндіру комбинатын ашуға жұмыс жасаған. Партияның тұрғын үй-91 программасына байланысты жұмысшыларға арналып 7 пәтерлік 5 тұрғын үй салынып пайдалануға берілген.
Соның нәтижесінде аудандық тұтынушылар одағы облыстық партия, атқару комитеттерінің 4 рет көшпелі Қызыл туы мен дипломына ие болған. Құны 1400 мын сомдық нан заводы, алаңы 1200 шаршы метрлік қойма, картоп, көкеніс сақтайтын қоймалар салу, өңдеу цехтарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген.
1975-1995 жылдары аудандық тұтынушылар одағы жүйесінде сауданың озық әдістерін енгізу мақсатында ауылдық жерлерде 56 тұрақты дүкен жаңа типті сауданың техникалық құрал жабдықтарымен толық қамтамасыз етілді. Оларға орталық сауда қоймасынан тікелей зат жеткізетін автокөлік кәсіпорын мекемесі ашылған. Шалғайдағы малшылар мен егіншілерге ерекше жағдай жасау мақсатында 31 жылжымалы автодүкен мекемесі республикада бірінші рет ұйымдастырылып, басқарма төрағасының бақылауында болған. Аудан орталығы Әйтеке би кентінде екі қабатты жаңа типті әмбебап дүкен құрылысы, тәулігіне 56 тонна нан өнімдерін шығаратын нан зауыты, екі қабат әкімшілік үйі нысанымен қоса салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Қазалы қаласынан тамақ өнімдерін шығаратын комбинат құрылысы салынып, аудан халқын тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілді. Аудан орталығынан мал сою пунктінде тәулігіне 1,5 тонна шұжық жасау цехы, ауылдық жерлерде 5 сауда орталығы салынып пайдалануға берілген. Нәтижесінде жыл сайын сауда көлемі 116,7%-ке яғни 56 млн теңгеге өсіп, халық тұтынатын тауар өндіру сауданың көлеміне салыстырғанда 1990 жылы 68%-ке жетті. Сауда айланымының, қоғамдық тамақтандыру мен шикізат дайындаудың жоспары 20 жыл бойы артығымен орындалып, бірнеше рет облыстық, республикалық тәжірибе алмасу семинарлары өткен. Нәтижесінде аудандық тұтынушылар одағы облыс, республикадағы алдыңғы қатардағы ұжым деп танылған.
Аудандық тұтынушылар одағы кооперациясы тарағаннан кейін Тәжмағамбетов Каримулланың ақыл кеңес берген басшылық қызмет атқарған шәкірттері аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелерде әкім, басшы, бас есепші қызметтерін атқарды, ал кейбіреуі ірі және шағын бизнес жеке кәсіптерін айналдырып отыр.
Каримулла Тәжмағамбетовтың есімін аудан халқының құрметті азаматы ретінде айтуға болады.
Жиенбай ЖҰМАҒАЗИЕВ,
Кооперация саласының
еңбек ардагері, зейнеткер
18 ақпан 2023 ж. 239 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 80

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 53

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 87

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 93

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031