Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақстан тарифі ең төмен елдердің бірі": Елімізде көгілдір отынның бағасы өспек

"Қазақстан тарифі ең төмен елдердің бірі": Елімізде көгілдір отынның бағасы өспек

Фото: Ru.freepik.com
“QazaqGaz” ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов “Самұрық-Қазына” қорының Қоғамдық кеңесі отырысында Қазақстанда газдың көтерме бағасын арттыру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлібек Жамауовтың айтуынша, тауарлық газдың көтерме бағасы кезең-кезеңімен өсіп жатқанына қарамастан, Қазақстан әлі де халық үшін көгілдір отынның тарифі ең төмен елдердің бірі болып отыр.
“33% көлеміндегі соңғы түзетуді ескергеннің өзінде, ішкі нарықтағы “QazaqGaz” компаниясының жыл сайынғы субсидия көлемі 200 миллиард теңге деңгейінде қалып отыр. Сонымен қатар соңғы жылдары газ бағасының өсуі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көпшілігіне қарағанда әлдеқайда төмен болды. Бұдан бөлек, соңғы он жылдықта қазақстандықтардың коммуналдық шығындарындағы газдың үлесі 6,4%-дан 5,2%-ға дейін азайды”, — деді ол.
Оның сөзінше, газдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды іске асыру және инфрақұрылымды дамыту үшін көтерме бағаны біртіндеп өзіндік құн деңгейіне дейін жеткізу қажет. Әлібек Жамауов бұл елдің энергия қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның барлық өңірлерін сенімді түрде газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.
07 қараша 2025 ж. 187 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031