Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді депрессияға түскендер денсаулығына байланысты демалысқа шыға алады

Енді депрессияға түскендер денсаулығына байланысты демалысқа шыға алады

Енді депрессияға түскендер денсаулығына байланысты демалысқа шыға аладыФото: ЖИ / ulysmedia.kz
Қазақстанда депрессияға шалдыққан адамдар да денсаулығына байланысты демалысқа шыға алады (больничный). Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депрессия көбейіп барады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жер бетіндегі адамдардың шамамен 4%-ы депрессияға ұшыраған. Қазақстанда биыл 1517 адамға осындай диагноз қойылған. Өткен жылы олардың саны 1457 болған. Көп адам мұндай жағдайда еңбекке жарамсыздық парағын алуға болатынын білмейді. Оны тек психиатр дәрігер рәсімдей алады.
Қалай алуға болады?
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Әсел Кидиралиеваның айтуынша:
– Егер адамда орташа немесе ауыр деңгейдегі депрессия болса, ол стационарда емделеді және оған еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Ал жеңіл түрінде де парақ алуға болады, бірақ оны психиатр растауы керек, – дейді ол Информбюро жаңалықтар қызметіне.
Дәрігерлердің сөзінше, депрессия көбіне 18–40 жас аралығындағы адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Көп адам бұл жағдайды жай шаршау немесе күйзеліс деп қабылдап, дәрігерге бармайды.
Депрессияның үш сатысы
Психиатр Виктория Ефимова депрессияның үш деңгейі бар екенін айтты:
– Жеңіл сатысында адам көңілсіз болса да, жұмыс істей алады. Орта деңгейде – көңіл күй ұзақ уақыт төмендеп, жұмыс істеу қиындайды. Ал ауыр сатысында адамда суицид туралы ойлар пайда болуы мүмкін, – дейді маман.
Ауыр жағдайда дәрі-дәрмек және психотерапия, ал жеңіл түрінде психологтың көмегі қажет.
Өзіне көмектесу жолдары
Психолог Арай Нұрибекова депрессия кезінде өзіңе де көмектесуге болатынын айтады:
– Күн сайын серуендеу, ұнайтын іспен айналысу, хобби табу, демалу – бәрі де көмектеседі. Адам өзіне қуат беретін нәрселерге көбірек көңіл бөлуі керек, – дейді ол.
Демалыс қалай рәсімделеді?
Еңбекке жарамсыздық парағы электронды түрде беріледі. Бірақ Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елде әзірге депрессия диагнозы бойынша берілген больничный парақтарының нақты есебі жүргізілмейді.
07 қараша 2025 ж. 162 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031