Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар – қоғамның қозғаушы күші

Жастар – қоғамның қозғаушы күші

11 қаңтар күні Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған "Жанкент жастары" ұйымының ұйымдастыруымен "Қоғамның қозғаушы күші жастар" атты жастар жиналысы болып өтті. Жиынға Өркендеу ауылдық округінің әкімі Қожахмет Қуанғали  қатысып, жастардың ой пікірлерін тыңдады.
Жастар жиналысын ауылдық жастар ұйымының төрағасы Талап Мурзалиев ашып жүргізді. Шараның мақсаты – 2023 жылы атқарылатын жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жоспарын ауыл жастарына таныстыру. Жиын барысында 2023 жылы ауыл жастарымен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар талқыланып ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
"Жанкент жастары" ұйымының мүшесі Ұлықпан Айберген жастар арасында көкпар, аударыспақ тартатын қазандық жасау мәселесін ұсынса, Қару Азамат жастар арасында тир ату ойынына алаң салу ұсынысын білдірді. Сонымен қатар Құдайберген Алдаберген шағын бизнесті дамыту үшін жеңіл көлік жөндеу орталығын ашуға несие алу үшін ауыл әкімінен қолдау көрсетуді сұрады .
Ауыл әкімі жастар арасында мәселенің кезең - кезеңімен шешілетінін жеткізді. Ауылдық жастар ұйымының төрағасы  Талап Мурзалиев ауыл жастарын ауызбіршілікке шақырып, 2023 жылы атқарылатын жұмыстарға жастарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Ұйым мүшелері қолдайтындықтарын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат 
12 қаңтар 2023 ж. 547 0

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 181

Білім сапасы бақылауда

13 ақпан 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728