Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен жастарға сенемін

Мен жастарға сенемін

Ақтан батыр ауылдық клубында "Мен жастарға сенемін" атты Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай жастарға арналған концерт өткізілді. Концертті ауылдық округінің әкімі С.Өмірзақов сөз алып, ашып берді.
– Құрметті Тәуелсіз елдің жастары! Еліміздің болашағы жастардың қолында, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Жастар - жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғырысыздар. Әрбір жас жүрек өзінің туған отаны Қазақстанды жанындай сүйіп, танып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Ауыл жастары Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке және шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деді ауыл әкімі. 
Концерт барысында ауыл жастары өнер көрсетіп ән шырқады. Шарада ауылымыздың белсенді студенттері ауыл әкімінің "Алғыс" хаттарымен марапатталды.
Шарада өнерлі өрендер өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Ауылдың жас ақыны Ғұмыр - Ахметтің "Құралайым" әнінің тұсауы кесілді.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
11 қаңтар 2023 ж. 684 0

Жас көшбасшы – ел үміті

28 наурыз 2026 ж. 70

Триумф төрінен табылған

28 наурыз 2026 ж. 66

Көктем – Қыз

28 наурыз 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031