Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандықтан мүлт кетпеу маңызды

Мамандықтан мүлт кетпеу маңызды

Еліміз білім саласында жаңа қадамдарға барып, жүйенің жеңіл де жедел дамитын жоспарын нақтылап, тәжірибе жасап бағуда. Дамушы елдер сапындағы Қазақстан дамыл таппай, ел аймағындағы мектептерде оқушылардың қызығушылығы мен бейіміне қарай бағытын айқындап беріп, болашағының жарқын болуы үшін жол салып келеді.
Осы орайда Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектебінде оқушылармен «Бәсекеге қабілетті маман – заман талабы» атты тақырыпта мамандармен кездесу  өтті.
Шараға аудандық полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы, полиция капитаны Айжан Бейбітәлі, Қазалы аудандық «Жетес би» дәрігерлік амбулаториясының дәрігер-терапевті ­Бекзат ­Досжан, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Еркін Құсан, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айгерім Сәрсембаева, Қазалы аграрлы-техникалық  колледжінің математика пәнінің оқытушысы Гүлазат Жаңылова, сонымен қатар мектеп әкімшілігі және тоғызыншы, оныншы, он бірінші сынып оқушылары қатысты.
Шараны мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары, модератор Эльмира Әлішева жүргізді. Кездесу барысында аталған мамандар өз саласын таңдаудағы талапкерлерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып, елдің қандай жоғары оқу орындарын таңдау керектігі жайында кеңес берді. Және қазіргі қазақ қоғамындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ой бөлісіп, оқушыларға өзі сүйетін бағыттың бір бөлігін таңдау керектігін айтты. Толыққанды мәлімет беріліп, кері байланыс негізінде оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Барлық сауалдарға тұшымды жауап беріліп, оқушылардың ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасалды.
 Шара жөнінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бектас Бекетов:
–Мұндай басқосулардың мектепті бітіргелі жүрген шәкірттерге берері мол. Себебі санасы сан-саққа жүгіріп, қандай мамандықты таңдарын білмей жүрген жас жеткіншектерге өз ісінің үздік маманы келіп, үлгі болып, кеңес айтса оқушының бойына сенім ұялайды. Жастарды қозғаушы күш деп алсақ, оларды нағыз керекті мамандықтарға баулыған дұрыс. Яғни мемлекеттік дәрежеде ақсап тұрған, маман жетіспейтін, кәсібилігі кемшін түсіп тұрған тұстарға бітіруші түлектерді тартып, жетіспеген жерін кемеріне толтыру қажет, – деген ойымен бөлісті.
Трендтен түспейтін еңбек өкілдері ертеңгі күннің кемелденуіне керемет әсер етері сөзсіз. Азия барысына айналуды қалайтын Қазақстан жастары экономиканы қарыштап дамытып, демократияға негізделген үздік орта құруды ойласа оны оқушыларға көңіл бөлуден бастаған жөн.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
12 қараша 2019 ж. 956 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 46

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031